Көлік құралдарын басқару құқығынан 1 жылға айырылды
17 Июня 2017 (10:05) | 1734 | Автор: Мира Ботабекова
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 596-бабының 3-бөлігімен (көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, А.өзінің көлік құралын Ақтау қаласы, 28 «а» шағын ауданының қарсы тас жолда, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын бұзып, үздіксіз ақ жолақты қиып, кедергіні айналып өтіп, жолдың қарама-қарсы бағытына шығып жүргізген.
Сот қаулысымен А. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза қолданылған. Қаулы заңды күшіне енді. Бұл туралы Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі хабарлайды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему