Маңғыстауда малмен болатын жол апатының алдын-алу үшін 13 000 м жол қоршауы орнатылды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 23:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда малмен болатын жол апатының алдын-алу үшін 13 000 м жол қоршауы орнатылды

31 Марта 2022 (13:16) | 3146 | Автор: Редакция

2021 жылы республикалық маңызы бар тас жолдарда мал жануарларының қатысуымен 17 жол апаты болып,  салдарынан 10 адам қаза болған. 26 жолаушы  әр түрлі деңгейде дене жарақатын  алды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары Арман Жолдықұлов мәлімдеді.

 

Оның айтуынша, мал жануарларының қатысумен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында  Полиция департаментімен, Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп көптеген шаралар атқарылуда.

 -Атап айтқанда, 2021 жылы республикалық маңыздағы автожолдар бойына 14 дана үй жануарларының муляжы(түйе, жылқы) және 13 000 м жол қоршаулары қосымша орнатылды. «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 673-674; 709; 729; 738 шақырымы,  ал «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» автожолының 51-56 шақырымына орнатылды. Сонымен қатар, жануарларды үркітетін  «электр бақташы» (электропастух) құрылғысы орнатылды. Бұдан бөлек,  «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 723-726 шақырымына – (ұзындығы 3 шақырым) қойылды. «Жетібай-Жаңаөзен» автомобиль жолында барлығы 22 шақырым қоршау жасалды,-деді Арман Жолдықұлов.

 Биылғы жылы автожолдың басқа да учаскелерінде қаражаттың бөлінуіне қарай «электр бақташы»(электропастух) құрылғысын орнату және сыртқы жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.(Ман-Ата, Бекі, Жармыш)

 Спикердің айтуынша, былтыр облыстың қала мен аудандардың әкімдеріне жеке меншік иелерімен және фермерлік шаруашылықтардың басшыларымен үй жануарларын жаю ережелерін сақтау және автомобиль жолдарына жақын жерде олардың пайда болуына жол бермеу, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында жануарлардың көрінуін қамтамасыз ету үшін жарық шағылыстыратын ленталар, сырлар, таңбалар ілуге, басқа да қосымша шаралар қабылдау керектігін жеткізді.

 Брифинг барысында жергілікті полиция қызметінің басшысы Қалдымұрат Айғарақов өңірдегі жол-көлік оқиғаларына тоқталды.

 - 2022 жылдың 2 айы ішінде 23 жол-көлік оқиғасы орын алып, оның салдарынан 8 адам қаза болып, 27 адам дене жарақатын (2021ж.-29–9–27) алды. Өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары -27,7 пайызға, қаза болғандар -11,1 саны пайызға төмендеп, дене жарақатын алғандар өткен жылдың деңгейінде қалды. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен облыс бойынша 4 жол-көлік оқиғасы орын алып, оның салдарынан 1 адам қаза болып, 3 адам дене жарақатын (2021ж. 12–4–8) алды. Өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары -33,3 пайызға, дене жарақатын алғандар  саны -37,5 пайызға төмендеп, қаза болғандар өткен жылдың деңгейінде қалды,-деді Қалдымұрат Айғарақов.

 2022 жылдың 2 ай ішінде көлік құралдарын масаю күйде басқарған 161 құқық бұзушылық анықталып, 155 тұлға әкімшілік қамауға алынып 6 (1,2 топ мүгедектер, әйел адамдар) құқықбұзушыға қатысты 200 АЕК айыппұл салында, барлық құқықбұзушылар көлік құралдарын басқару құқықтарынан айырылды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему