«Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы  талап арызды беру мүмкіншіліктері
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 23:56
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы талап арызды беру мүмкіншіліктері

14 Декабря 2015 (09:39) | 2624 | Автор: Редакция

Скриншот с сайта sud.kz

 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру және оған жүгіну аясын оңтайландыру мақсатында «Сот кабинеті» электронды сервисі қолданысқа енген болатын.

 

Мемлекеттік басшысының өзі сот жүйесінің дамуына ерекше көңіл бөлетіні, оның сайлауалды науқанында жариялаған Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасымен де дәлелденеді. Бағдарламада арнайы сот құрылымына бөлім арналып, сот жүйесінің мақсаттары нақты қадамдармен көрсетілген. Ел егемендігін алған санаулы жылдар ішінде сот жүйесінде талай өзгерістер орын алып, бір қатар заңдар қайта қабылданып, техниқалық база нығайтылды. Бүгінде сот жүйесі де жаһандану көшінен қалмай, әлемдік талаптарға сай реформалануда.

 

Бұл бағытта заманауи технологияларды пайдалану кең қанат жайып келеді. Оның айғағы қаламыздағы соттардың барлық сот мәжілісі залдары дыбыс бейне жазба құралдарымен қамтамасыз етілген. Барлық істер дыбыс бейне жазба құралдарын пайдалану арқылы қаралады. Сондай-ақ сотқа талап арызды, басқа да арыз шағымдарды ҚР СО БААТЖ бағдарламасы арқылы электронды нұсқада жолдау мүмкіндігі де қамтамасыз етілген. Осындай игі шаралардың бірі сотта қаралып жатқан істің қаралу барысын электронды бақылау өндірісі. Бұл – сот жүйесінің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету жолында жасалған кезекті қадам.

 

Жалпы, «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі туралы соттағы кеңсе мамандары да толық хабардар және кіріс құжаттарын қабылдау кезінде азаматтарға қысқаша ақпарат беру жұмыстары да қолға алынған.

 

Сонымен қатар, сервисті тиісті түрде іске асыру, оны халық назарына жеткізу, тиімділігі мен ерекшеліктерін жергілікті аумақтарда БАҚ арқылы насихаттау секілді тиісті жұмыстарды атқару нәтижесинде Жаңаөзен қалалық сотында жалпы кіріс кеңсесімен электронды сервис арқылы келіп түскен хат-хабарлар көрсеткіші артып келеді. Оған 2015 жылдың тамыз айынан бастап 60 қылмыстық іс, 1568 талап арыздар түскені дәлел.

 

Электронды бақылау өндірісі халыққа не үшін қажет.

 

Электрондық бақылау өндірісі сот іс жүргізуіне қатысушыларға сотта қаралып жатқан істер бойынша ақпарат алу үшін қажет. Ондай ақпаратқа қол жеткізу үшін сот отырысына қатысушыларына пароль беріледі. Іс бойынша ақпарат алуға пароль алғысы келген іске қатысушы сот кеңсесіне жеке куәлігімен келіп арнайы үлгідегі арызды толтырып, жауапты маманға тапсыру қажет.

 

Жауапты маман парольді алушыға оны қолдану тәртібін және парольді мақсаты бойынша қолданудың жауапкершілігін түсіндіріп, оны қолдану мерзімін көрсетіп, тиісті құжатқа қол қойдырып, қаралып жатқан іс бойынша ақпаратқа қол жеткізу паролін береді.

 

Сотта қаралып жатқан іс бойынша ақпаратқа қол жеткізу паролі ҚР СО БААТЖ бағдарламасы арқылы сот отырысына қатысушылардың әрқайсысына жеке құрастырылады.

 

Пароль сот отырысына қатысушының ЖСН негізінде жасалады және ҚР СО БААТЖ «Сот іс-жүргізу» деректемелер базасында сақталады. Ол барлық электрондық ақпараттық есеп құжаттарына қолданылады, яғни пароль алған тұлға сол сот ісі бойынша ҚР СО БААТЖ бағдарламасы арқылы барлық мәлеметтерді қарай алады.

 

Сот ісі бойынша мәліметтерді қарау және сот актілері мен құжаттарын электронды түрде алу үшін, қажет құжатты office.sud.kz мекенжайдан ЖСН мен электронды қордағы пароль бойынша іздеу қажет.

 

Егер пароль алған тұлғаның іс құжаттарымен танысуға уәкілеттілігі күшін жойған және парольді қолдану мерзімі аяқталған жағдайда парольдің қызметі тоқтатылып, жойылады. Сондай-ақ, пароль оны алған тұлғаның өтініші бойынша өзгертілуі немесе жойылуы мүмкін.

 

Құрметті азаматтар, уақытыңызды үнемді пайдаланып, үйде не жұмыста отырып-ақ электронды бақылау өндірісі қызметін пайдаланыңыздар.

 

Ш.Абилхасова,

Жаңаөзен қалалық сотының

бас маманы                                                                   

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему