Ақтаулық тәртіп сақшылары «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастырды
25 Мая 2018 (16:37) | 2212 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «24.05.2018 жылы Ақтау қаласы 30 шағын ауданда орналасқан «Олжа» сауда орталығының алдында Маңғыстау облысы Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметі және «Нұр Отан» партиясының, Ақтау қаласы әкімдігінің және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Жолда қабылдау» атты кезекті акция өткізілді».
Шараны ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, «Акцияның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы алға қойылған жалпы мемлекеттік алдын-алу жүйесін құру жөніндегі міндеттерге сәйкес және құқық қорғау органдарымен өзге де мемлекеттік құрылымдардың беделін көтеру, оның ішінде Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Жергілікті полиция қызметіне халықтың сенімін арттыруға қойылған міндеттерді орындау болып табылды».
-Акцияның өткізілетін күні мен уақыты, орны алдын-ала жергілікті интернет сайт арқылы қала тұрғындарымен оның қонақтарына хабарланды.
Шараға Ақтау қаласы аумағында орналасқан транспорттық мекемелердің басшы құрамы мен жүргізушілері, автомектеп ұжымы мен курсанттары, Ақтау қаласының тұрғындары және қонақтары, «Нұр-Отан» Маңғыстау облыстық филиалының, қала әкімшілігінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Акция кезінде барлық бағыттар бойынша әкімшілік полициясының кеңестік ұжымының жұмыстары ұйымдастырылып, ол жерде мамандар тарапынан жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша бұқара халықтың туындаған сұрақтарына жауап беріліп, Жергілікті полиция қызметін жақсарту туралы сауалнамаға сәйкес акцияға қатысушылардың пікірі туралы ақпараттар жинақталды, - дейді ведомствоның баспасөз қызметінің мамандары.
Олардың айтуынша, «Ақтау қаласы ІІБ Жол-патрульдіқ полиция батальонының жеке құрамы түгел Ақтау қаласы көлемінде өткізіліп жатқан «Жолда қабылдау» атты кезекті республикалық акциясының нәтижелі өткізілуіне және қоғамдық тәртіп сақтауға жұмылдырылған болатын.
Осы іс-шараларды өткізу кезінде оның қатысушыларына жол-көлік оқиғасының алдын алу, оны болдырмау және балалардың жазғы каникулы кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ата-аналар арасында үгіт насихат жұмыстарын жүргізу бойынша әр түрлі брошюралар таратылған».
Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему