Мемлекеттік қызметшілер Алғыс хатпен марапатталды
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 12:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мемлекеттік қызметшілер Алғыс хатпен марапатталды

30 Апреля 2018 (18:46) | 3494 | Автор: Нурганым Имашева

Әрбір мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы Заңында көзделген мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қабылдауға міндетті болғанымен, көп жағдайларда заңнаманың бұл талаптарын сақтауға құлықсыздық танытып отырады.

 

 

 Бұл, өз кезегінде қоғамымызда дендеп кеткен сыбайлас жемқорлыққа алып келетін бірден бір жол екендігі айтпаса да түсінікті.

 

«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» демекші, алғашқыда қызметіне жан-тәнімен кіріскен қызметшілердің уақыт өте жағдай етегінде кетіп өзгеретін жағдайлары өмірде көптеп кездеседі. Десе де, бұндай көріністерді болдырмау, алдын алу бағытында Маңғыстау облысының кейбір мемлекеттік қызметшілері басқаларға өзіндік үлгі болатындай өз үлестерін қосуда.

 

Атап айтқанда, Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Б.ҰЛЫҚБАНОВ, Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Е.МЫРЗАТАЕВ және құқық қорғау саласының қызметкері ГМ-178/2 мекемесінің бастығы Ғ.ЧУТАБЕКОВ өздеріне заңсыз келіп түскен сыйлықтарды заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттік қорға тапсырған.

 

 Осылайша, бұл қызметшілердің мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді қабылдау мен қызметтегі әдепті сақтаудың оң имиджін қалыптастыруға септігі тиді.

 

Маңғыстаулық мемлекеттік қызметшілердің бұндай қадамдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы тарапынан ескерусіз қалмады.

 

 

Республикалық арнайы мониторинг тобының Маңғыстау өңіріне арналған іс-сапары аясында Агенттіктің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Р.ТЮЛЕБАЕВ мемлекеттік қызметшілердің басын қосқан кездесу жиынында МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ БОЛУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ШЕКТЕУЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ МЕН ҚЫЗМЕТТІК ӘДЕПТІ САҚТАУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСТЕРІ үшін аталған қызметшілерді Агенттік Төрағасының АЛҒЫС хаттарымен марапаттады.

 

-Еліміздегі әрбір мемлекеттік қызметшілерінің дәл осындай марапатқа ие болуы, мемлекеттік қызметті ерекше құлшыныспен, адал атқаруына тың серпіліс болары анық.

«Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда жүреді» деген мақал аясында, жасы үлкен, жалы биік қызметшілер өздерінің бойындағы адамдық әрі адалдық қадір-қасиеттерін осылай көрсете білсе, артынан ерген көпшіліктің де осы жолдан таймайтындығына сенім мол,-делінген біздің басылымға Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің баспасөз қызметімен жолданған хабарламада.

 

Суретті түсірген Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему