Ұлттық компанияның 51 пайыз акциясы сатылмақ
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 14:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ұлттық компанияның 51 пайыз акциясы сатылмақ

26 Ноября 2015 (10:02) | 1582 | Автор: Мира Ботабекова

 

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық компаниясының 51 пайыз акциясы сатылатын болды. Оның құны шамамен 60 млн долларға бағаланып отыр. «Басшылыққа жаңа инвесторлардың келуі ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының дамуына тың серпін беріп, жаңа флот құруға жол ашады»,-деді компанияның бас директоры Марат Орманов.

 

Соңғы кездері Каспийдегі мұнай тасымалының көлемі төмендеп кеткен. Сондықтан да Қазақстан отандық танкерлерді шетелдегі өзге бағыттарға тартуға мәжбүр. Басшылық «Қаржысы мол шетел инвесторлары келсе, тығырықтан шығып, компания мол жетістіктерге жететін болады»,-деген сенімде. Бүгінде ұлттық компания меншігінде 12 мың тонналық 21 мұнай тенкері мен жүк кемелері бар. Олардың жартысы Каспий теңізінде қызмет етсе, қалғаны Қара теңіз бен Жерорта теңіздерінде жүк тасымалдап жүр. Жалпы, Ақтау халықаралық теңіз портынан жөнелтілетін мұнайдың 80 пайызын «Қазақ теңіз көлік флоты» компаниясы тасымалдайды. Енді олар жаңа стратегиялық әріптестерімен бірлесіп, тың инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр.

 

Марат Орманов, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық компаниясының бас директоры:

-«Қазмұнайгаз» біздің компанияның 49 пайыз акциясын екі рет сатылымға шығарды. Алайда шетелдік инвесторлар үлестің басым бөлігіне иелік еткісі келеді. Сондықтан да бұл жолы акциямыздың 51 пайызын сатуды ұйғардық. Инвестор мол қаржы құяр болса көптеген жобаларды жүзеге асырар едік. Мәселен біз қазір тек мұнай тасымалымен ғана айналысамыз. Паром мен құрғақ жүктерді де тасымалдауды қолға алатын болсақ, еліміздегі жалғыз теңізде тасымалдаушы компанияның мүмкіндігі артып, қарыштап дамитын болады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему