Жастарды қауіптен сақтандыру шарасы
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 19:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жастарды қауіптен сақтандыру шарасы

25 Ноября 2015 (09:58) | 1646 | Автор: Нурганым Имашева

 

Қазіргі таңда қоғамның дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Діннің рухани қуаты,ғасырлармен шыңдалған адамгершілік қағидалары ел бірлігі мен адамдар татулығының, әсіресе жастардың рухани, моральдық тәрбиесінің қайнар көзі.

 

Мемлекет тарапынан осы мәселелерге қатысты жастардың тәрбиесіне кері әсер беретін жат діни ағымдардың мәнін түсіндіру және діни экстремизмнің алдын-алу бағытында шаралар тұрақты ұйымдастырылып тұрады.

 

20 қараша күні Маңғыстау облысы бойынша «Азаматтық құқық» ұйымы Маңғыстау облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Жастар арасында діни экстремизмнің алдын-алу» тақырыбында облыстық конференция өткізді.

 

Жиынның модераторы - Маңғыстау облысы бойынша «Азаматтық құқық» ЖМ директоры Кошенова Алтынзер:

-Шараның мақсаты - жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу, экстремизмге қарсы тұру, әлеуметтік агрессиялар мен экстремизмнің әралуан формаларына қарсы жастардың әлеуметтік имунитетін арттырудың жолдарын қарастыру, «Мәңгілік ел» идеясын насихаттау.

Халық «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан жастардың бойына ұлттық және адамгершілік құндылықтарды сіңіруге, тарихты және ұлттық салт-дәстүрді сақтауға, имандылық тәрбиесіне баулуға қоғам болып атсалысуымыз керек,-деп мәлімдеді.

 

 

Басқосуға Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Бауыржан Тұяқов, Маңғыстау облыстық дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығының басшысының м.а Бақтыгүл Шопанова, «Әл-Фатима» қоғамдық қорының төрайымы Әмин Күнзила, өлкетанушы Алқажан Еділхан, облыстық орталық мешіттің наиб имамы Елдар Атибеков, сондай-ақ аудандық/қалалық ішкі саясат бөлімдерінің мамандары, ақпараттық-насихат тобы мүшелері, Жастар ұйымдарының мүшелері, Жастар орталықтарының басшылары, имамдар, Маңғыстау техникалық гуманитарлық университетінің студенттері, колледж студенттері, «Ақ жол» жастар қанатының мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктер жанындағы «Жас қанат» жастар ұйымының өкілдері қатысты.

 

Келелі жиында жастар арасында діни экстремизмнің алдын-алу бағытында мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстар, жастардың тарихты және туған өлкесінің құндылықтарын білуі, имандылық тәрбиесі, діни сауатсыздық және ақпараттарды жүйелеудің маңыздылығы мәселелері талқыланды.

 

Қатысушылар тарапынан жергілікті телеарнада дін тақырыбында арнайы мамандармен тұрақты кездесу өткізетін бағдарлама ашу, облыстық басылымда тұрақты айдар ашу және өзіндік идеясы бар жастар арасынан топ құру туралы ұсыныс берілді.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему