Алақай, балабақшаға барамын!
12 Ноября 2015 (14:51) | 2520 | Автор: Мира Ботабекова
Бүгін Мұнайлы ауданы Атамекен ауылында жаңа балабақша ашылды. «Шағала» - ауылдағы алғашқы мемлекеттік балабақша. Сондықтан да балалардың бал мекенінің ашылу салтанатына ауыл тұрғындары түгел жиналды. Облыс әкімі Алик Айдарбаев арнайы барып, халықтың қуанышымен бөлісті. Аймақ басшысы балаларға бақытты балалық шақ тіледі.
Жаңа балабақшаны әсіресе аналар қауымы көп күтті. Жұмыстағы әйелдер балаларын уақытша қалдыратын жер таба алмай қиналушы еді. Енді, бұл мәселе шешімін тапты. Ауылда балабақша кезегінде тұрған 500 баланың 300-і жаңа ашылған «Шағала» балабақшасында тәрбиеленеді. Нысан құрылысына жергілікті бюждеттен 401 млн 163 мың теңге жұмсалған.Жаңа балабақшаның ашылуына орай, 70 ауыл тұрғыны жұмысқа орналасты. Оның тең жартысының арнайы педагогикалық білімі бар.
Алтынай Өсербаева, «Шағала» балабақшасының тәрбиешісі:
-Балабақшамыз заман талабына сай салынған. Кең, балаларды оқытып, тәрбиелеуге қажеттінің бәрі қарастырылған. Өзін-өзі тану, музыка, кабинеттері мен ойын және спорт залдары көздің жауын алады.
2007 жылы Мұнайлы ауданы құрылған тұста мұнда жалғыз балабақша жұмыс істейтін. Қазір балабақша саны отызға көбейді. 30 балабақшаның тең жартысы мемлекеттік, ал қалғаны жекемінң меншігіндегі мекемелер. Барлық балабақшада 4 мыңнан астам бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Бұл аудандағы 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың 62 пайызын құрайды екен. Ал, жыл осңына дейін Мұнайлыда тағы екі жекеменшік бөбекжай пайдалануға беріледі деп күтілуде.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему