Маңғыстау құтқарушылары Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуде бейбітшілік құсы – көгершіндерді қалықтатты
3 Мая 2017 (17:51) | 1894 | Автор: Нурганым Имашева
Осынау қуанышты жаңалықты Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің баспасөз қызметі жолдады. Ақпаратты өзгеріссіз күйінде оқырмадар назарына ұсынамыз.
Бұл мейрам бүкіл қазақстандықтар үшін ерекше мәнге толы. Себебі дәл біздің елімізде, дәлірек айтқанда, бір шаңырақ астында 150-ден астам ұлттар бейбіт өмір сүруде.
Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап елбасы Нұрсұлтан Назарбаев біздің жерімізде бейбітшіліктің сақталуына айрықша көңіл бөледі. Соның арқасында Қазақстан өзге көптеген елдер үшін келісім мен бейбіт үлгісі ретінде танылды. Республиканың барлық жетістіктерінде бірегей қоғамдық институты – Қазақстан халқы Ассамблеясының айтарлықтай үлесі бар, ал мемлекет тарапынан елімізде тұрып жатқан барлық ұлыс өкілдеріне мәдениеті мен салт-дәстүрлерін сақтауға және дамытуға барлық жағдай жасалуда. Біздің үстіміздегі бейбіт аспан бүгінгі таңда Қазақстан халқының бірлігін күнін барлығы бірге мерекелеуге, туған қалалары мен өлкелеріне шығуға мүмкіндік береді.
Мейрамды тойлау 1996 жылдан бері басталған болатын. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнін» жариялау туралы жарлыққа қол қойды.
Маңғыстау облысы ТЖ департменті акт залында этномәдени бірлестік өкілдерімен, ТЖ органының ардагерлерімен тақырыптық кездесу ұйымдастырылды. Жиынға қатысушылар алдына құттықтау сөзімен Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Фаткулович Камалов шықты.
Әдеттегідей, бұл күні әр түрлі ұлыс өкілдері өздерінің салттары мен дәстүрлері туралы айтып өтті. Ұлттық тағамдардан тұратын аспаздық өнімдерін де өздерімен бірге ала келіпті.
Мерекелік кездесу кеші еліміздің бірлігі мен халықтардың достығы туралы үн қосқан концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты және де аспанға ынтымақ пен мейірімділік тілектерімен 50 көгершін қалықтауға ұшырылды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему