Ақтаулық Ақмейір Әли «Әлемнің кішкентай ханшайымы» атанды
Курс валют в Актау
на 09/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
9 Мая, 01:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық Ақмейір Әли «Әлемнің кішкентай ханшайымы» атанды

16 Октября 2015 (09:33) | 3829 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ақтаулық 10 жасар Ақмейір Әли Түркияда өткен «Little miss world – 2015» халықаралық мәдениет және өнер байқауынан бас жүлдемен оралды. Қазақтың қаршадай қызы дүниежүзінің 19 елінен келген балғындардың арасынан суырылып шығып, әлемнің кішкентай ханшайымы атанды. Аталған байқау тарихында Қазақстан мұндай жеңіске алғаш рет қол жеткізіп отыр.

 

Осымен 15-ші мәрте өткізілген байқауға АҚШ, Англия, Италия, Косово, Малайзия, Украина, Венгрия, Грузия, Армения, Ресей, Оңтүстік Африка мемлекеті, Лесото, Непал, Татарстан, Манғолия, Қытай, Тайланд пен Бразилия елдерінен 5 пен 16 жас аралығындағы 42 кішкентай ару қатысқан. Балғындардың өнері мен білімі дараланған сайыста Ақмейір қарым-қабілетімен бірден көзге түсті.

 

Алдымен ол әлемге қазақтың дәстүрін, ұлттық тағамы мен өнерін паш етті. Яғни өз елін таныстыру бөлімінде бүрмелі ұлттық көйлек киген Ақмейір Наурыз туралы әңгімелеп, бата берді, көпшілікке қазақы дәстүрмен шашу шашты.

 

Ал, екінші бөлімде экологиялық жобасын қорғады. Ол құрбыларымен бірге қалдықтарды кәдеге жаратып, қоқыстан көйлек тіккен. Айта кету керек, Ақмейір бұл жобасын ағылшын тілінде сәтті қорғады.

 

Ал үшінші бөлімде жергілікті биші Айнұр Сариева қойған үнді биін билеп, талайдың таңдайын қақтырыпты.

 

 

Сайыстың төртінші күні от, жер, су, ауаны бейнелейтін сән үлгілерінің дефилесін көрсетті. Киімі арқылы судың бейнесін суреттеген қазақ қызы «Үздік кастюм» аталымын жеңіп алды.                                          

                                                                                                                                                                            

20 адамнан тұратын әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша, Ақмейірге алтын тәж бұйырды. Сонымен қатар жас таланттың шығармашылығын шыңдау үшін оған қомақты қаржы берілді.

 

Ақмейір Әли, «Әлемнің кішкентай ханшайымы – 2015» байқауының бас жүлдегері:

-Марапат басталған кезде басында қыздарға әдемі, қалың короналар берді. Маған ондай корона берген жоқ. Сосын мен жылап, уайымдапбастадым. Соңында менің атымды айтты. Мен түсінбей қалдым, неге мені тағы да сахнаға шақырып жатыр деп. Сосын әлгі коронаны көргенде,мұның бас жүлде екенін білдім. Әлем аруы атану менің бірінші арманым болатын. 2-ші арманым туралы ойлап жатырмын. Бірақ кішкентай кезімнен бері мен біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты көргім келеді. Осылай көп жүлде алсам, арманыма қол жеткіземін деген ойдамын.

Ақмейір үйдің тұңғышы. Отбасындағы төрт баланың үлкені. Оның қарым-қабілеті сәби кезінен байқалыпты. Ал, 5 жасынан бастап Ақтау қаласындағы «Колибри» балалар сән театрында тәрбиеленіп жатыр. Ақмейір қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік біледі. Оқу озаты. Ол болашақта Президент болғысы келеді екен.          

 

Рыскүл Агисова, Ақмейірдің анасы:

-Қуанышымыз қойнымызға сыймай жатыр. Қызымызға қолдау білдіру үшін Түркияға біз де бардық. Онда Наурыз мейрамы туралы айттық. Сол жерге біз қазақтың тағамдарын, шұбатты, қазыны апардық. Қазақтың биін билеп, ұлттық киімімізді паш еттік. Соңынан бата беріп, шашу шаштық. Менің ойымша, әділ-қазылар кішкентай ғана қыздың өзінің елінде осындай салт-дәстүрдің сақталуын жақсы жеткізгеніне тәнті болды. Бұл біздің жеңіске жетуімізге себеп болған сияқты.

Ақмейір бұл жеңісін «Колибри» балалар сән театрының 15 жылдығына, туған қаласы Ақтау мен қазақ еліне арнайтытын айтты.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему