Дөрекілік көрсеткен тіс дәрігері жұмыстан босатылды
6 Ноября 2019 (10:40) | 2570 | Автор: Редакция
Бұл туралы Маңғыстау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық стоматологиялық орталықтың директоры Қуат Машырықов мәлімдеді.
Қуат Машырықовтың айтуынша, өз қызметін адал атқармаған дәрігердің ары қарай қызметін жалғастыруына жол берілмейді. Естеріңізге сала кетейік, 1-қараша күні баланың тісін жұлу кезінде қатты жұлқылап, оған қатыгездік танытқан дәрігердің видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткен болатын. Баланың анасы клиникадағы бейнебақылау камерасына түскен жазбаны тексеруді талап еткен. Артынша, медицина қызметкері видеоүндеу жасап, өз кінәсін толық мойындайтынын, баланың анасынан және қазақстандықтардан кешірім сұрайтынын жеткізді. Алайда зардап шеккен баланың анасы бірден полицияға арыз жазған. Ақтау қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Қалдымұрат Айғарақовтың мәліметінше, дәрігердің үстінен әкімшлік іс қозғалды. Сот медициналық сараптама тағайындады. Егер жасөспірімнің денесінде жарақат болған жағдайда ҚР әкімшілік құқық-бұзушылық кодекстің 73/1 бабымен, ал егер денесінде жарақат болмаған жағдайда аталған кодекстің 73/2 бабымен ұрып-соққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 141 бабы (Балалардың өмірі мен денсаулығын қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) қылмыстық іс қозғалу үшін заңды бұзған азамат (Т.Мұхамбетов) мұғалім немесе тәрбиеші болуы керек.
«Дәрігер өте білімді. Жас дәрігер. Мінезі шапшаң өте шыншыл жігіт. Мектепті «Алтын белгіге», ал 2017 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің стоматология факультетін үздік бітірген. Сол жылы тамыз айында орталыққа жұмысқа орналасты. 2 жыл ішінде өзін жақсы жағынан көрсете білді. Кешегі болған өрескел қылықтарына қарап, Еңбек кодексінің 49-бабының, 5-тармақшасы, 56-бабына сәйкес жұмыстан босатуға шешім қабылдадық»,- деді облыстық стоматологиялық орталықтың директоры Қуат Машырықов.
Қуат Машырықовтың айтуынша, тіс емханасына жаз уақытында балалар өте көп келеді. «Қала халқының саны жылдан жылға өсуде. Біз екі мезгілде 600 адамға дейін қабылдаймыз. Халық санының өсуіне байланысты емхананы кеңейту жөнінде ұсыныс бердік, болашақта 32-шағын ауданнан жаңа емхана ашпақ ойымыз бар»,- деді Маңғыстау облыстық стомотологиялық орталықтың директоры.
Фотоны өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему