Қысқы киім үлестірілді
12 Октября 2015 (17:14) | 3256 | Автор: Мира Ботабекова
Ақтаудағы тұрмысы төмен отбасылардың балалары биыл қыста тоңбайтын болды. Күні кеше «Біз біргеміз» қоры қайырымдылық шара ұйымдастырып, көп балалы отбасыларына жылы киім-кешектер үлестіріліп берілді. Жергілікті қордың бастамасына аймақтағы 50-ден астам кәсіпкер қолдау білдіріп, атсалысқан. Жылы күртеше, бас киім, етік, қолғап пен шұлыққа дейін қол жеткізген балақайлар мәз-мейрам. Екі жүзге жуық бала өзіне қажетті киімдерге сұраныс берген екен. Жылы киімдер балалардың сұранысына орай сатып алынды.
Бұл күні батыр ана, әкелер мен олардың балалары үшін арнайы мерекелік думан да ұйымдастырылып, дастархан жайылды.
Ал, жомарт жандар оннан астам баласы бар көп балалы әкелердің иығына қазақы дәстүрмен шапан жауып, сый-сияпат жасады.
ҒҰЛАЛМҰХАММЕД АБДОЛЛАХАН, КӨП БАЛАЛЫ ӘКЕ:
[quote]Мекке Мәдинадан көшіп келдім. 12 балам бар. 1 қызым тұрмысқа шыққан. 11 баламмен осында келдім. Еліме келіп, қуаныштымын. Балаларым оқып жатыр, құдайға шүкір. Мемлекеттің көмегі бар. Бүгін балаларым су жаңа әрі жылы киімдер алып қуанып жатыр. Балаларымның қуанғанын көріп мен де бақытты болып тұрмын. Жомарт жандарға алғысым шексіз.[/quote]
СӘУЛЕ САЛИХОВА, ОБЛЫСТЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:
[quote]Іскер әйелдер кеңесінің Маңғыстау облысындағы бөлімшесі атынан 3-4 кәсіпкер әйел осы шараға қатыстық. Мұнда кемінде 6-7 балас ыбар отбасылар жиналған екен. Алтын құрсақты аналарға қолұшын беруге әрқашанда дайынбыз және көп балалы отабсыларға көмек беруге әрбір кәсіпкердің шамасы жетеді деп ойлаймын. Осындай қиын уақытта бір-бірімізді қолдап, демесек балаларымыз бақытты өмір сүрер еді.[/quote]
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему
отмена