«Самұрық-Қазына» Қоры Ақтаудың тұрғындарымен IPO сұрақтары бойынша кездесу өткізді
Курс валют в Актау
на 30/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
30 Апреля, 01:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Самұрық-Қазына» Қоры Ақтаудың тұрғындарымен IPO сұрақтары бойынша кездесу өткізді

19 Сентября 2022 (18:52) | 749 | Автор: Редакция

 
19 қыркүйек күні «Самұрық-Қазына» Қорының, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазпошта» АҚ өкілдері Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесіп, IPO бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері туралы кеңінен айтып берді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап.

Іс-шараға спикер ретінде қазақстандық брокерлік-дилерлік ұйымдар мен AIX және KASE қор биржаларының өкілдері қатысты.

Сарапшылар жұртшылықты «Самұрық-Қазына» жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялардың IPO-сының іске асырылу барысымен және бірінші IPO-кандидат – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниясы туралы негізгі ақпаратпен таныстырды. Ұйымдастырушылар кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

«Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және жоспарлау департаментінің директоры Мират Өтеповтың айтуынша, Қор Мемлекет басшысының экономиканы мемлекет иелігінен алу идеясын толық қолдайды. Сондықтан «Самұрық-Қазына» жекешелендіру жоспарын іске асыру аясында ҚР азаматтарын Қордың портфельдік компанияларының IPO-сына қатысу мүмкіндіктері туралы кең ауқымды ақпараттандыруға бағытталған.

-Самұрық-Қазына» Қоры трансформациялану алдындағы шешуші сәтте тұр. Біз мемлекеттің аса маңызды стратегиялық активтерін басқаратын холдингтен басымды және ғылымды қажетсінетін жобаларға капитал салатын инвестициялық қорға айналуды ниеттенеміз. IPO және активтерді бәсекелес ортаға шығару, осы тұрғыда, Қордың жекешелендіру бағдарламасының аясындағы стратегиялық міндеті болуға тиіс. Бұл ретте Қор мемлекет үшін негізгі салаларда жұмыс істейтін компанияларда мажоритарлық акционер ретінде қатысуын сақтап қалады, - деді Мират Өтепов.

Спикер IPO мүмкіндіктері туралы сөз қозғап, «әрбір қазақстандықтың ҚМГ акцияларын сатып алуға және Қазақстанның ірі мұнай-газ компаниясының тең иесі болуға мүмкіндігі болатынын» атап өтті.

Бұдан басқа, акцияларды иелену компанияның дамуына, ал онымен бірге Қазақстан үшін аса маңызды мұнай-газ саласына ықпал етуге мүмкіндік беретінін ескерді.

Өз кезегінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев қазақстандықтардың IPO-ға қатысуы табыс көзінің балама түрі бола алатынын, алайда мұндай жағдайда инвестициялаудың перспективада жұмыс жасайтынын ескеру керектігін түсіндіріп өтті.

-Акциялар бойынша кірістерді акциялардың иесі ретінде дивиденд түрінде де, оларды сату кезіндегі акция құнының өсуі түрінде де алуға болады. Алайда, компанияның нәтижелеріне байланысты дивидендтер жыл сайын төленбеуі мүмкін және қолайсыз факторлардың әсерінен акциялардың бағасы төмендеуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Акцияларға салым салу ұзақ мерзімді перспективада кірістілік алуды жоспарлай отырып, түрлі тәуекелдерді ескере отырып жасалуы керек, - дейді Дәурен Қарабаев.

Осылайша, кездесуге қатысушылар баламалы табыс көзі ретіндегі IPO механизмдері туралы білді. Еске саларлық, дәл осылай 2022 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында еліміздің 60-тан астам қаласында халықпен, компания қызметкерлерімен және өндірістік нысандар жұмысшыларымен ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтеді.
IPO және Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы толығырақ мамандандырылған ipo.sk.kz интернет-ресурсынан білуге болады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему