«Ақтау-Мәскеу» бағытындағы ұшақ көкке көтерілді
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 21:13
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Ақтау-Мәскеу» бағытындағы ұшақ көкке көтерілді

9 Октября 2015 (09:20) | 1414 | Автор: Мира Ботабекова

Фото: «Коммерсантъ»

 

Бір жарым тәулік бойы Ақтау әуежайында тұрып қалған «Трансаэро» әуе компаниясының ұшағы бүгін 17.30 да көкке көтерілді. Ақтаудан Мәскеуге бағыт алған Боинг 737 әуе кемесі кеше таңғы 7-де ұшып кетуі тиіс болған. Алайда, Ресей әуе компаниясы Ақтау әуежайына қарызын қайтармағандықтан әуежай басшылары қызмет көрсетуін тоқтатқан. Араға 36 сағат салып, компания 10 млн теңге қарызын толық өтеді. Алдымен 7 млн 800 мың теңгесін, екі сағаттан соң қалған соманы аударған.

 

Алайда, алдағы рейстердің тағдыры белгісіз болып отыр. Себебі Ақтау әуежайы Ресей ұшақтарын алдын ала төлем жасалғанда ғана қабылдайтын болады.

 

Ерғазы Жолдасов, Ақтау халықаралық әуежайының атқарушы директоры:

[quote]Енді «Трансаэро» компаниясының алдымызда болатын рейстеріне алдын ала төлем қабылдайтын боламыз. Бүгін осыны айтып Мәскеуге телеграмма жібердік. Алдын ала ақшасы болмаса қалай біз қызмет көрсете аламыз? Компания егер банкрот болып жатса, қарызын кім өтейді? Біздің қызметкерлердің жалақысы бар, жанармайымыз бар, жолаушыларына қызмет көрсетуіміз бар, барлығына қаржыны қайдан аламыз? Сондықтан енді әуе компанияларына талапты күшейтетін боламыз.[/quote]

 

«Трансаэро» компаниясының «Ақтау-Мәскеу» бағытындағы билеттері 15 желтоқсанға дейін сатылып қойған екен. Ал, ертең таңертең тағы 62 жолаушы Мәскеуге ұшуы тиіс. Ақтау қаласының тұрғыны Дидар Есенұлы дүйсенбі күнге осы компанияның ұшағына билет алып қойыпты. Енді ұшар ұшпасын біле алмай алаңдап жүр. «Компанияға хабарлассақ, дұрыс жауап бермейді, не ақшамызды қайтаратындарын айтпайды. Біз қарапайым халық неге жапа шегуіміз керек»,-дейді Дидар Есенұлы.

 

Айтпақшы, орын алған келеңсіздіктерден 52 жолаушы екі күн бойы ұша алмай бірі әуежай қонақүйінде, енді бірі туыстарының үйінде түнеуге мәжбүр болған. Қос зейнеткер Галия мен Владимир Кравцовтар Мәскеу арқылы Израильге ұшуы тиіс екен. Олар бұл келеңсіздіктен уақыттарын ғана емес, бір мың ақш доллар қаржысын жоғалтқандарын айтады.

 

Галия Кравцова, Израиль тұрғыны, жолаушы:

[quote]Екі күннен бері әуежайда түнеп жатырмыз. Кешелі бері әбден мазамыз кетті. Бірнеше рет тіркеуден өтіп, қайта оралдық. Мәскеу арқылы Израильға кеше түсте ұшуымыз керек болатын. Тельавивке алған билетіміз күйіп кетті. Енді оны компания өтей ме жоқ па ол жағы белгісіз.[/quote]

           

Қос зейнеткер тағы 50 жолаушы мінген UN 228 рейсі санаулы минуттардан соң Мәскеуге табан тірейді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему