Кішкентай бишілер халықаралық турнирден олжалы оралды
21 Декабря 2017 (23:03) | 2762 | Автор: Нурганым Имашева
Атырау қаласында спорттық бал билерінен «Аэлита-2017» халықаралық турнирі аяқталды.
Биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған сайыс Ел тәуелсіздігі мерекесіне арналды. Қазақстан, Ресей мемлекеттерінің белді би топтары қатысқан жарыстан ақтаулық бишілер жеңіспен оралды.
Атап айтқанда, Жасұлан Канапин, Анеля Нұртайқызы мен София Ивахнюк алтыннан алқа тақса, Артем Овчинников пен Дарья Баранова күміс медальді жеңіп алды. Мансұр Мұсаев пен Дарья Шееваға қола медаль бұйырды.
-Халықаралық турнирге 6 мен 11 жас аралығындағы 350 жасөсіпірім қатысып, сынға түсті.
Үш күнге созылған сайыста ең кіші жастан бастап хореографиялық дайындықтан өткен барлық спортшылар өнер көрсетті. Олар веналық вальс, танго, ча-ча-ча, румба, джайв, самба секілді спорттық би бағдарламаларын орындады.
Менің шәкірттерім мұндай халықаралық жарысқа алғаш рет қатысып отыр. Десе де, көрсеткен нәтиже керемет болды. Үш алтын, екі күміс және екі қола медальдарды жеңіп алып, мерейміз тасып, қуанышпен оралдық,-дейді «Жас қанат» спорттық бал билері бөлімінің жаттықтырушысы Наталья Данилова.
Суреттерді түсірген: «Жас қанат» спорттық бал билері бөлімі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему