Киелі өлкенің бренді
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 05:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Киелі өлкенің бренді

7 Октября 2015 (09:41) | 2983 | Автор: Нурганым Имашева

 

Өткен аптада Маңғыстау облысының туризм басқармасы түркі мәдениетінің тұғыры-Халықаралық «Тюрксой» ұйымының қолдауымен «TREE of LIFE» курорттық кешенінде «Тарихи оқиғалар мен аңыздардың Маңғыстаудың туристік нысандарының топонимикасына тигізген әсері» тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырғаны туралы әңгімелеген болатынбыз. Уәде еткеніміздей, сол маңызды жиын туралы ақпараттың жалғасын назарларыңызға ұсынамыз.

 

МАҢҒЫСТАУ – ТАУЛЫ МЕКЕН

Маңғыстау-топонимі «таулы мекен» деген мағынаны білдіреді дейді топонимикамен айналысатын, этнограф-зерттеуші Нұрберген Балғымбаев. Оның тұжырымдауынша, алтай халықтарының тілінде «ман» - сөзі «тау» деген мағынаны білдіреді, Манкент қаласы таудың етегінде орналасқан, Маньчжурия – Қытайдың таулы өлкесі, Маңғыстаудағы биік жер-Маната аталады, Ставрополь өлкесінде Маныч аталатын өзен бар.

 

Алтайда адамдарды «мангуттар» (тау тұрғындары) және «тангуттар» (жазық даланың тұрғындары) деп бөлетін көрінеді. Ұлы дала иелері - «Дәшті қыпшақтар» кішкентай төбешікті де дәріптеген. Алматыдан арнайы ат басын тіреген мейман Маңғыстаудағы Сауысқан, Қансу, Кендірлі және т.б. жер-су аттарының тарихына тоқталды.

 

АЛТАЙДАН МАҢҒЫСТАУҒА ДЕЙІН. ОТПАНТАУ – БАБАЛАР МҰРАСЫ

Кейбір деректерге сай, «Алтай» сөзі моңғол тілінен аударғанда, альпілік көгалдары, биік таудағы көшіп-қонатын мекендері бар «таулы ел» деген мағынаны білдіреді. Бүгінде әлемнің әр түкпіріне тарыдай шашылған түркі халықтары үшін тал бесікке айналған мекен Алтай болып саналады.

 

Алтай Республикасындағы ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық Комитеттің жауапты хатшысы, Алтай Республикасы мәдениет Министрлігінің жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымының докторы Тамара Садалованың пікірінше, бүгінде Алтайдағы мәдени мұра ескерткіштері және киелі орындарға деген бетбұрыс этникалық және аймақтық қауымдастықтың өзіндік ұқсастығын танытуға деген талпыныс факторы ретінде танылуда.

 

Алтай өлкесінің маңызды ерекшелігінің бірі-жергілікті жер, бабалар рухын мадақтау, олардың құрметіне құрбан шалумен байланысты рулық мекендерді қастерлеу болып табылады. Алтайдың бұл дәстүрі қазақ дәстүріне ұқсас болып келеді. Алыстағы Алтайдан қоныс аударғандардың болмысы Маңғыстау түбегінде ғасырлар бойы мекендеп, отырықшылыққа бет бұрған көшпенді халықтың тарихында, мәдениетінде өзіндік әсерін қалдырды.

 

Конференцияның екінші күнгі ұйымдастырылған экскурсияның бағыты Отпантау мемориалды кешені арқылы өтуі тегін емес еді. Ежелден елді жаудың шабуылынан қорғауда маңызы зор бұл киелі орында бүгінгі ұрпақ Алтай номадтарының көне сенімінің символы болған от, Ана, көк бөрі ескерткіштерін қойған. 

 

МАҢҒЫСТАУ БРЕНДІНІҢ ШЕШУІ КИІЗ ҮЙДЕН ТАБЫЛАДЫ

Әлем өркениетінің кереметі саналатын қазақ пен қырғыздың киіз үйі шаңырақ астындағы көшпендінің микроғарыш әлемі десе болатындай. 2014 жылы қазақтың киіз үйі ЮНЕСКО-ның мәдени мұралардың материалдық емес ескерткіштер тізіміне енгізілді.

 

Нұрберген Балғымбаев мырза 360 болып келетін әулиелер саны мен киіз үй шаңырағының 360 градустық болуының тектен-тек еместігін тілге тиек ете отырып, «Батыс пен Шығыстың көптеген дәстүрлерінің киелі саны Күн жүйесінің 360 градусына бөлінген дөңгелек пен Жұлдызнаманың символын танытады, мәңгіліктік пен шексіздіктің символы» деген пікірін білдірді.

 

Халықаралық конференцияға қатысушылар үшін Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы Меңдеш Салихов ұлттық сән-салтанаты жарасқан киіз үй тіккізіп, қонақтарға табақ тартылып, сый-құрмет көрсетілген ақ үй қондырды. «Мен де, мүмкін, дәл осындай киіз үйде өмір есігін ашқан шығармын. Менің балаларым да өз ата-бабасының салтын құрметтеуді осы арқылы үйренетіні сөзсіз»,-деген Мендеш Салихов «360, 362, 365» киелі сандары бар әлемнің қасиетті мекендерінің картасы» идеясының авторы атанды.

 

Наталья Задерецкаяның Жазушы цехында жасақталған бұл картада әлемдегі 30 елдегі осындай 70-ке жуық бренд белгіленген.

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ НЫҒАЙТУ

Аталмыш халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізу барысында Ресейдегі Урал мемлекеттік педагогикалық университеті мен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің арасында өзара қарым-қатынас туралы меморандумға қол қойылды.

 

КМТжИУ ректоры Әділбек Ботабеков халықаралық қатынастарға мүдделілік таныта отырып, Маңғыстау мен Ресей елінде оқытушылардың тәжірибесімен бөлісу, студенттерге арналған тәжірибелік дәрістердің өткізіліп тұруына деген қызығушылық танытты.

 

Конференцияда ресейлік ЖОО-ның өкілі, физика, технология және экономика институтының директоры, педагогика ғылымының докторы, профессор, Петр Зуев, маңғыстаулық ұстаздарға қарым-қатынас орнатуға деген құлшыныстары үшін алғыс білдірді.

 

Ол белсенді турист ретінде адамның азамат ретіндегі биік тұлғасын қалыптастыру үшін оның білімін көтеріп, тарихи жадын қалыптастырудың, дамытудың маңызы зор екеніне тоқталды. Адамның бұлайша даму үрдісі оның туристтік-өлкетанушылық әрекетімен тығыз байланысты екенін атап өтті.

 

ЖҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ – МАҢҒЫСТАУДАН БАСТАЛАДЫ

Конференцияға қатысушыларға арналып «Киелі сандар-Маңғыстау жерінің қасиетті мұрасы» аталған астротурмаршрут ұйымдастырылды. Сандардың оккульттік-магиялық теориясы көне халықтар мәдениетінде жоғары бағаланды. Кезінде атақты Пифагор «Әлемді сандар билейді» деп бекер айтпаса керек.

 

Нумеролог, харарлық астролог Надежда Полонская Ақтау-Отпантау-Шақпақ Ата-Ақтау бағытында ұйымдастырылған астротурмаршруттың гиді болды. Ерекше саяхаттың қатысушылары үшін Надежда астральдық тасты таңдады, оны білу өмір сапасын арттырып, табыс пен бақытқа кенелудің кілтіне айналатыны туралы әңгімеледі.

 

Маңғыстауға танымал сәулет өнерінің шебері өлке тарихының білгірі, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мақсұт Нұрқабаев гидтің сенімді көмекшісі болып, өлкенің киелі жерлері туралы қонақтарға мол мағұлматтар берді.

 

Р.Сулейменов атындағы Шығыстану институтының ғалымы «Шақпақ Ата» және «Сисем Ата» кітаптарының редколлегия мүшесі Нұрманов Айтжан, туристтер аралаған жерлерге қатысты сирек кездесетін мәліметтерді келтірді.

 

«Маңғыстау аңыздарында мұнда дінді уағыздаған 360/362 сопы өмір сүрген Оларды жергілікті халық әулиелер санатына қосады. Мұсылман әлемінің барлық аймағында ислам ол қабылданғанға дейінгі рәсімдер мен ғұрыптардың негізінде пайда болған жергілікті салт-дәстүр мен классикалық мұсылмандық дәстүрдің күрделі жиынтығы болып табылады. Зиярат ету рәсімі ислам дінінің нормасына сай келмейді деген пікірге қарама-қайшы бұл салт бүгінгі күнге дейін сақталуда. Ол туризмді дамытудың бір мүкіндігі ретінде де құнды».

 

АҚТАУ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АСТАНАСЫ БОЛА МА?

«Түрксой» Халықаралық түркі мәдениетінің ұйымындағы Қырғыз Республикасының өкілі қырғыздың атақты драматургы Кожогелді Кулуев, әр жылдары түркі мәдениетінің астанасы ретінде Астана, Эскишехир, Қазан қалалары атанғанын айта келіп, болашақта түркі әлемі мәдениетінің астанасы ретінде танылуға Маңғыстаудың да әлеуеті зор екенін атап өтті.

 

Өз баяндамасында Кулуев мырза ХІ ғасырда Қарахан дәуірінде салынған «Шах-Фазиль» мемориалды кешенінің тпарихымен таныстырды. Аңыздарға сай, Маңғыстау елі  360 арабтың, мұсылман-миссионердің мәңгілік мекеніне айналды. Қазақ-қырғыздың ғасырлар бойғы байланысы туралы қырғыздың әйгілі жыры «Манаста» жырланған қазақ ханы Көкше батырдың ерлігі куә.

 

Жақында Қырғызстан Еуразиялық экономикалық Одақтың мүшесі болды, осының өзі екі ел арасындағы туристтік қарым-қатынастардың дамуына үлкен серпін болатынын байқатады.

Қырғыз елінің өкілі Отпантауға барар жолдың үстінде «Ала-Тоо» қырғыз этно-мәдени бірлестігінің белсенді мүшелері болып табылатын фермерлер Шакировтер, А.Құдайбергенов, С.Бояров, Э.Куборичевтерді көріп таң-тамаша болды. Диқандар меймандарға өздері өсірган қауын-қарбыздардан ауыз тигізді.  

 

МЕЦЕНАТТАРДЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ

Өлке қонақтарын киелі орындарға апаруға арналған жайлы автобустарды ұсынған меценат «Замандас» кәсіпкер әйелдер ҚБ-нің төрайымы Ұболсын Ахметова болды. Бір айта кетерлігі, Ұлболсын Жүзбайқызы форт тас жолының бойында тұрған Бала аулие кесенесінің демеушісі.

 

«Узеньпромгеофизика» ЖШС-нің басшысы Жанбырбай Төлесінов те: «Өндіріс мамандары да ғалымдарға қолдау көрсетуі тиіс. Халқымыздың тарихына халықаралық қоғамдастықтың назарын аудару мәселесі көтерілетін жиынды ұйымдастыру ісіне қолдау жасау керек» деген ойын білдіре отырып, конференцияға қатысушыларды «TREE of LIFE» курорттық кешеніне жеткізуге өз үлесін қосты.

 

 Яхташы Андрей Чулаков, «Бриз -Актау» ЖШС-ің жетекшісі, өзге де де «теңіз көкжалдары» сияқты Маңғыстау облысында теңіз туризмі дамуы тиіс деп санайды. Облыстық туризм басқармасының басшысы келесі жылы регатаның халықаралық мәртебесіне қолдау танытуға көмектесіп, ақтаулық дәстүрлі шараға Каспий маңындағы мемлекеттердің яхташыларын қатыстырудың жолын іздестіруге уәде етті.

 

«Экзотик» қолданбалы өнер дүкенінің директоры Элла Журавлева, қолданбалы өнер көрмесін ұйымдастыру арқылы туристтердің қызығушылығына ие болып жүрген маңғыстаулық шеберлердің қолымен дайындалған брендтік өнімдерді ұсынды.

 

ТУРИЗМ-БҰЛ ҰЙЫМДАСҚАН КӨШПЕНДІЛІК

«Түркі-моңғол жерінің жады» кітабының авторы, қоғам қайраткері, мәдениет ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері «Каспий, мұнай, мәдениет» экспедициясының мүшесі Марат Семби, «Жер – адамға тиесілі емес, адам – Жерге тиесілі» деген пікірді ұстанады.

 

Өзінің танымдық баяндамасынан өзге, ол: «Мысыр елінің Күн құдайы Ра туралы аңызы еске түседі. Адамдардың теріс әрекетіне ашуланған ол аспан сиырының арқасына мініп алып, түспей қойған. Сол сияқты қатерлі күн біздің Отанымыз үшін де тууы мүмкін. Ол кезде табиғат жойылып, мәдениетіміз күйреп, ата-бабамыздың тілі ұмытылады. Барлық тарихи кезеңдердің мәдениетін сақтау қажет. Жалпы, туризм – дегеніміз ұйымдасқан түрдегі көшпенділік қой. Сондықтан ата-бабамыздың салтына берік болайық» деген пікірін білдірді.

 

ҚАЗАҚСТАН АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫ «ТҮРКСОЙ» ШАҢЫРАҒЫНДА

Конференция аяқталған соң 1-2 күннен кейін Ақтауға транзиттік сапармен түркі мәдениетінің тұғыры-Халықаралық «Түрксой» ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасеинов келді.

 

«Түркі елдері мәдениетінің ерекшелігі соңғы кезде әлемдік қауымдастық үшін аса тартымды болуда. Шығыстың «Мың бір түні» мыңдаған миллион европалық аудиторияны баурады. Бұл ертегілер де Маңғыстау аңыздары сияқты исламға дейінгі тарихқа ие. Қасеинов мырза маңғыстаулық туристтік брендтің сандық мәніне аса мән берудің қажеті жоқ екеніне тоқталды.

 

«Мейлі, 366 саны аталса да, өлкенің тарихын білуге ұмтылған туристтерге кәсіби гидтер мен сервистік қызметтің жоғары деңгейін ұсынып, тарихи-мәдени ескерткіштердіің маңызын көрсете білу қажет»,-деген ол өлкетанушы Наталья Задерецкаяның ұйымдастыруымен «Түрксойдың» Маңғыстаудағы алғашқы қарлығашы-халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның өткізілуімен құттықтап, қазан айында Маңғыстау облыстық драмa театрының әртістерінің өнерін Түркия елінің көрермендері тамашалайтынын жеткізді. Үлкен түркі әлемінде өздерін сенімді түрде танытып жүрген жерлестері-қазақстандықтардың жетісітктері үшін мақтаныш сезіміне бөленетінін білдірді.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему