«Ақтау» сауда-ойын сауық орталығында Дүниежүзілік құтырмамен күрес күніне арналған шара өтті
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 17:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Ақтау» сауда-ойын сауық орталығында Дүниежүзілік құтырмамен күрес күніне арналған шара өтті

28 Сентября 2015 (15:03) | 1557 | Автор: Нурганым Имашева

 

28 қыркүйекте елімізде алғаш рет Дүниежүзілік құтырмаға қарсы күрес күні аталып өтіледі. Осыған орай аймақта Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментімен біраз шаралар қолға алынды.

 

Мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында құтырма ауыруының қауіптілігін түсіндіру мақсатында Департамент мамандарымен 16 қыркүйектен бастап арнайы кездесулер ұйымдастырылып, ссндай-ақ, атаулы күнге орай 25 қыркүйек күні «Ақтау» сауда-ойын сауық орталығында жастардың қатысуымен флешмоб өткізіліп, тұрғындарға арнайы дайындалған түсіндірме ақпараттары таратылды.

 

Аталмыш шараның ұйымдастырылуына мұрындық болған Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментімен қатар жиынға облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру ортадығының мамандары да қатысты.

 

Қала тұрғындары көп жиылатын сауда орнында өткен шараға белсене қатысқан студенттердің қатарында Энергетикалық, Политехникалық колледждерінің, «Мейірбике» медициналық оқу орнының жастарымен қатар мектеп оқушылары да атсалысты. Жастар қала тұрғындары алдында өнер көрсетіп, көңілді ән салумен қатар ырғақты қимылды арнайы билер мен жаттығулар орындады. Осы арқылы олар Департамент мамандарының жетекшілігімен сауда орталығына келген қала халқының назарын аударып, қауіпті саналатын құтырма дертінен сақтандыруға тырысты.

 

 

Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің аса қауіпті және карантинді инфекцияларды эпидемиялогиялық қадағалау бөлімінің басшысы Көркембаева Гүлнәр Өтебайқызы:

-Бүгінгі күнгі біздің 28 қыркүйекте елімізде алғаш рет атап өтілетін Дүниежүзілік құтырмаға қарсы күрес күніне орай ұйымдастырып отырған шарамыздың басты мақсаты-халық арасында құтырма дертінен сақтандыру бағытындағы санитарлық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, құтырма ауруының қауіптілігін тұрғындардың санасына жеткізу арқылы қауіпті дерттің алдын алу.

 

Адамдарды үй жануарлары немесе жабайы аңдардың тістеуіне, тырнауына және сілейкейлері тиюіне тап болған кезде құтырма ауруының жұғуынан сақтануы үшін дер кезінде медициналық көмекке жүгіну қажеттігін,осы арқылы өз өмірлері мен денсаулықтарын сақтауға болатынын түсіндіруге тырысудамыз.

 

Құтырма ауруы дегенміз-жануарлар мен адамдар арасында кездесетін аса қауіпті табиғи ошақты инфекцияның бірі болып табылады. Негізінен бұл сырқат адамның орталық жүйке жүйесін зақымдайды. Инфекцияның негізгі көзі болып табылатындар бұлар-ауыл шаруашылығындағы малдар, үй жануарлары және жабайы аңдар.

 

 

Эпидемиологиялық жағдайға тоқталар болсақ, біздің республика көлемсінде соңғы 5 жылдың көлемінде 2010-2014 жылдар аралығында құтырманың 30 жағдайы тіркеліп, осынша адам көз жұмған. Олар Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы облыстарында болған оқиғалар.

 

Қазіргі таңда құтырманың толық емі табылған жоқ. Сондықтан адам бұл дертке шалдықса, 100 пайыз өлімге әкеліп соғады. Салыстырмалы түрде айтар болсақ соңғы бес жылдың ішінде 150 млн.халқы бар Ресейде нәбәрі 44 адам осы ауруға шалдыққан. Ал, 2015 жылдың 8 айы ішінде бұл аурумен елімізде алты адам ауырып, көз жұмған. Ауру Павлодар, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген. Бізді қатты алаңдататыны біздің облысымыздың аймағында да жануарлардан зардап шегушілер санының жылдан-жылға артып отырғаны.

 

Бір қуанарлығы-соңғы 10 жылда Маңғыстауда құтырма ауруы тіркелген жоқ. Алайда, ең соңғы жағдай-2004 жылы Жаңаөзен қаласында өзінің автотұрағы жайында өз күшігінің ернінен тістеуінен болған жағдайдың нәтижесінде, дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеуден бір бала 20 күннен соң осы сырқаттан көз жұмды.

 

Облысымызда сегіз айдың қорытындысында 1115 адам жануарлардың қауып алу, тырнау, сілекейлеуіне байланысты медициналық жәрдемге жүгінген. Бұл өткен жылдағыдан 33-ке көп. Бұл көрсеткіш 2014 жылдың осы кезеңінде 1082 болатын.

 

Сырқаттың 60-70 пайызы ит, мысық сияқты үй жануарларының тістеуі салдарынан болады. Негізгі вирусы ауруға шалдыққан жануарлардың сілекейінде болады. Сол сілекйдің адам денесіндегі жарақаттарға тиюінен сырқат пайда болады. Вирус қатты салқын темпаратуларда бірнеше жылдарға дейін сақталады. Бірақ жоғары температураларда қайнатылғанда, ультра-күлгін сәулелер арқылы немесе хлордың 2-3%-тік ерітіндісінде ол жойылады.

 

Бұл сырқаттың алдын алу-медициналық көмекке деркезінде жүгіну-халқымыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі. Тағы бір профилактикалық шараның бірі-жануарлар арасында құтырма ауруына қарсы егу жұмыстарын ұйымдастыру. Орта есеппен алғанда жыл сайын елімізде 93%-жануар екпемен қамтылып отыр.

 

Адамдар арасындағы жағдайға келер болсақ. дер кезінде медициналық көмекке жүгінген адамдарға 6 екпе салынады. Осы тағайындалған екпелерді дұрыс қабылдаған кезде осы қауіпті дерттен де адам өмірін сақтауға болады,-деп мәлімдеді..

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему