Сарбаздар серт берді
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 16:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сарбаздар серт берді

1 Сентября 2015 (12:12) | 1605 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекшісі Рукья Сычеваның біздің басылымғa жолдаған хабарламасына сай, жуырда Жаңаөзен қаласында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің 82 жаңадан қызметке қабылданған қызметкерінің салтанaтты ант қабылдау рәсімі ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық мерекесіне орайластырылған салтанатты шара өрт депосының алаңында өтті.

«Қызметке жаңадан қабылданған әрбір өрт сөндіруші сапқа тізілген бөлімше алдында ант мәтінін дауыстап оқыды. Сарбаз сертінің мәтіні әскери стильде нақты және құлаққа жағымды естілді:

            «Мен, Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органына қызметке кіре отырып адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншікті, ұлттық байлықты және қоршаған ортаны қорғау ісіндегі өзімнің жоғары жаупкершілігімді сезіне отырып, салтанантты түрде:

            - Қазақстан Республикасының халқы мен Президентіне адал болуға;

            - Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының талаптарын олардан зәредей ауытқымай берік сақтауға…..»

Антта Отан қорғаушының мәртебелі қасиеттері жинақталғандықтан әрбір өртсөндіруші таңдаған қыдметіне адал болуға серт бере отыра өз мойнына үлкен міндеттерді және жауапкершілікті жүктейді. Олардың орындалуы өртке қарсы қызмет органының мақсаты болып табылады. Әрбір жас әрі жаңадан қабылданған қызметкер өз басшыларының, қызметкерлердің алдында салтанатты түрде антты қабылдаған сәттен бастап ол-толықтай өрт сөндіруші-құтқарушы болып есептеледі»,-деп мәлімдеді Рукья Дмитрийқызы.

 

«Ант мәтінін айта отырып Сіздер жай ғана сөзді айтып жатқан жоқсыздар. Мұнымен Сіз, Отанымыз-Қазақстан Республикасына, заңдылықтар мен негізгі заң Конституция талаптарын толықтай сақтай отырып адал да сенімді қызмет етуге, халықтың өмірі мен мүлкін өрттен қорғауға міндеттенесіз. Қызметте жетістіктер мен игіліктер тілеймін»,-деп Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Қажымұқан Жарыұлы Қосбаев дас сарбаздарға өз тілегін білдірді.

 

Өртсөндірушінің салтанатты ант қабылдауына деген көзқарасы оның Отанына деген адалдығын және оны қорғауға дайындығын білдіреді. Ант мәтіні қысқа, алайда онда терең ой жатыр. Оны сақтау-өртсөндірушінің, оның адал қызметінің, адамгершілігінің, құлықтылығының өлшемі болып табылады.

Отпен күресшілер салтанатты түрде саптық адыммен жүріп өтті. Шара мерекелік концертпен және қызметкерлерді мадақтаумен аяқталды.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему