Айдаладан алтын көмбе тауып алды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 12:56
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Айдаладан алтын көмбе тауып алды

26 Ноября 2016 (09:41) | 3500 | Автор: Мира Ботабекова

 

           

            Ақтау қаласының тұрғыны Мұқағали Ербозов айдаладан алтын көмбе тауып алды. Ол табиғатты суретке түсіріп, тарихи орындарды аралаумен, жалпы туризммен айналысады екен. «Көне қалалар орнын, тарихи жәдігерлер, теңгелер тауып алсам деп армандайтынмын. Бірде отбасыммен саяхатқа шықтым. Мұндай кезде міндетті түрде металл іздегіш құралымды алып жүремін. Сол құралмен тегіс жерді қарап жүргенімде бір дыбыс шықты. Бірден солжерді қаза бастадым. Жер астынан алтын, күмістен жасалған әшекей бұйымдар, теңгелер тауып алдым. Қатты қуандық»,-дейді Мұқағали Ербозов.

 

Бір-ақ сәтте олжалы болған ол тапқан алтындарын жергілікті мұражайға тапсыруды ұйғарыпты. Заңға сәйкес, енді оған аталған көмбе құнының 50 пайызы берілуі керек. Әзірге Мұқағалидың қанша теңгеге ие болары белгісіз. Қазір олардың нақты құны есептеліп жатыр. Көне теңгелердің бағасынан бұрын тарихи құндылығы басым.

 

Маңғыстау облысында мұндай көмбе соңғы 100 жылда алғаш рет табылып отыр. Табылған монеталардың саны - 22. 15-нің бедері жақсы сақталған, қалған жетеуі зерттеуді қажет етеді. Олардың тіпті әлемде баламасы жоқ екен. Мамандардың айтуынша,  Көне теңгелер біздің дәуірімізге дейінгі XII-XIII ғасырларда қолданылған болуы мүмкін. Археологтар көне жәдігерлерді ұлт байлығына теңеп отыр. «Алтын монеталар Хорезм бектері билеген заманда қолданыста болуы ықтимал. Олар Ислам әлеміне толық таралмаған. Бірақ Маңғыстауда ежелден бар деуге болады. Бедері ұқсас жеті теңге табылған аумақта зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет»,-дейді археолог Андрей Астафьев.

 

Мамандардың пікірінше, алтын теңгелер Маңғыстау ауданындағы «Қызылқалада» құйылған. Өйткені жылнамаларда «Маңқышлақ» деп сақталған шаһарда сол кезеңде монета сарайы болған деседі. Егер дәлелденсе, жылнамаларда Маңқышлақ деп жазылған шаһардың сол кезеңде дәулетті өмір сүргенін айғақтайды.

 

Археолог көмбенің нақты қай жерден табылғаны әзірге құпия екенін айтады. Себебі алтын табылған аймақ зерттеу жұмыстарын қажет етеді. Бір жерден табылған мұнша монеталар әлемнің ешбір мұражайында жоқ. Бұл Қазақстан тарихы үшін теңдессіз байлық.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему