Үздік мұғалімдер марапатталды
Курс валют в Актау
на 17/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
17 Мая, 04:47
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Үздік мұғалімдер марапатталды

23 Августа 2015 (10:11) | 2620 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстау облысындағы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде шәкірт тәрбиелеуде ерен еңбегімен еленген бірқатар мұғалімдер төсбелгілермен, грамоталармен марапатталды.

 

Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен Маңғыстау ауданы Жармыш орта мектебінің директоры Қапашұлы Сұлтан, облыстық білім басқармасы, мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің басшысы Тұржанова Айжақсы Жылқыбайқызы, Жаңаөзен мұнай және газ колледжі директорының орынбасары Қараева Халида Айдынғалиқызы марапатталды.

 

«Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен Түпқараған ауданы, №1 орта мектеп-лицейінің директоры Тілеубаева Қаламқас Қалиқызы, Ақтау қаласы экономикалық лицейі математика пәнінің мұғалімі Джамписова Мәншүк Шарафеденқызы, Аөта уқаласы «Қайнар» колледжінің директоры Қарасаева Халам Орынғалиқызы марапатталды.

 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен Ақтау қаласындағы №4 мектеп гимназиясының химия пәні мұғалімі Қадыралиева Жаннат Ұзақбайқызы, Түпқараған ауданы №1 орта мектебінің тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі Ізмағанбет Амангүл Әбуханқызы, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты, бастауыш сынып мұғалімі Зұлқашева Сара Қуандыққызы, Қарақия ауданы №6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құсайынова Зәуре Әбдікәрімқызы, Бейнеу ауданы өнер мектебінің мұғалімі Қарабатырова Гүлнәр Мылтыққызы, Ақтау қаласындағы №1 арнайы балабақшасының тәрбиешісі Сергеенко Надежда Алексеевна, Мұнайлы ауданы №1 орта мектебінің мұғалімі Шурина Ғалия Насиполлаевна, Маңғыстау облыстық медициналық колледжінің директоры Төлебек Тұрарбекұлы марапатталды.

 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен Сартаев Асқар Сахиұлы, Омарбаева Гүлнәр Оңғарқызы, Санқаева Аққаным Рамазанқызы, Үмбетқалова Заря Зиятқызы, Молдағалиева Сәуле Жагорқызы, Мәжитов Еркін Аманқосұлы, Ермағанбетова Айнаш Құдайбергенқызы, Тұрбекова Гүлнара, Қалдаманов Исенбай Әбиұлы марапатталды.

 

Кеңес соңында өз мектебін бітіріп, бірнеше жылдан кейін алтын ұясына ұстаз болып оралған 15 жас маманға облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева еңбек кітапшасын тапсырды. Жас мамандар ант қабылдады

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему