Ақтауда әскери қызметшілер арасында волейбол жарысы өтті
Курс валют в Актау
на 03/06/2023
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
3 Июня, 19:58
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда әскери қызметшілер арасында волейбол жарысы өтті

28 Декабря 2021 (14:24) | 1820 | Автор: Нурбол Шалабаев

Ақтау гарнизонындағы Қарулы Күштер құрылымдарының әскери қызметшілері арасында волейболдан Ақтау гарнизоны бастығының кубогына жарыс өтті.

 

Жалпы жарысқа бұл жолы сегіз команда қатысып, өзара бақ сынады. Спорттық додаға Маңғыстау облысының Қорғаныс істер жөніндегі департаменті, әскери теңіз күштері, теңіз жаяу әскери бригадасы, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері, материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасы, әскери полиция және авиация базасының әскери қызметшілері қатысты.

Спорттық іс-шараның ашылу салтанатында Ақтау гарнизонының бастығы гвардия подполковнигі Жаннұр Сатқынов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, спортпен тұрақты айналысып, салауатты өмір салтын орнықтырудың маңызын атап өтті.

 Қызу тартысты өткен жарыстың нәтижесі бойынша әскери теңіз күштерінің қызметшілері жеңімпаз атанса, екінші орынды теңіз жаяу әскери бригадасының командасы иеленді, ал үшінші орынды 35950 әскери бөлімінің спортшылары қанағат тұтты.

Жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер жарыс кубогымен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Аталмыш шара барлық санитарлық нормалардың талаптарына сай өткізілді.

 

 

 

 

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему