Сайын шапағатов ауылында балабақша ашылды
Курс валют в Актау
на 22/09/2023
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
22 Сентября, 03:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сайын шапағатов ауылында балабақша ашылды

21 Апреля 2017 (13:21) | 3139 | Автор: Мира Ботабекова

 

Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылында жекеменшік балабақша ашылды. 75 орындық кешен заман талабына сай салынған. Жергілікті кәсіпкер қолға алған жоба мемлекет қолдауымен жүзеге асты. Ауылдықтар мұнда бала басына 11 мың теңгеден төлейді. Қалған шығын мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында өтеледі.

             Бес баланың анасы Айгүл Ғұсманова - жоғары санатты мұғалім. Өзі тұратын ауылда бала санының көптігіне орай екі қабатты үйін бөбекжайға айналдыруды ойлайды. Мұратына жету үшін 12 млн теңгедей несие рәсімдеп, кәсіп ашады.

Айгүл Ғұсманова, кәсіпкер:

- Халық көп. Жылдан жылға көбейіп жатыр. Сондықтан балабақша ашуды өзіме міндет көрдім. Жұмыс өте қызық, бәрімізге ұнап жатыр.

Бөбекжай тәрбиешілері аудандық жұмыспен қамту орталығынан жолдама алған жастардан тұрады. Бұрын қалаға қатынап қызмет атқарған мамандар тұрғылықты жерде тұрақты жұмыс көзінің ашылғанына қуанышты.

Гүлжан Ізғалиева, тәрбиеші:

- Білімді, саналы бала тәрбиелеуге үлесімді қосамын. Өзім салада әдіскер қызметін атқарамын. Алғашқы уақытта білікті маман болуға ниеттемін.

            Балабақшада сурет салу, музыка және дене шынықтыру сыныптары бар. Үш тілде білім беру үрдісі қалыпты жолға қойылған. Мамандар келешек бөбекжай жанынан бақша егуді жоспарлауда. Жасыл желек күтіміне сәбилер де үлес қоспақ.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему