Сайлаушыларға тосын сый жасалды
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 12:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сайлаушыларға тосын сый жасалды

27 Апреля 2015 (09:56) | 1657 | Автор: Мира Ботабекова

Бүгін сағат 6-да аймақтағы барлық 177 сайлау учаскесі ашылып, сағат 7-де дауыс беру басталды. Облыс бойынша 315 мың 202 сайлаушы тіркелген. 2011 жылы өткен Президент сайлауымен салыстырғанда электорат саны биыл 60 мың адамға артып отыр. Дауыс берушілердің басым бөлігі Ақтау қаласының тұрғындары. Бүгін 117 мың ақтаулық өз таңдауын жасайтын болады.

 

Ақтаудағы 13 шағын ауданда орналасқан № 26-шы сайлау учаскесінде 2772 сайлаушы тіркелген. Бүгін учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері сайлаушыларға тосын сый жасады. Сайлау бөлімшесіне бірінші болып келіп, дауыс берген 5 тұрғын сайлау комиссиясының арнайы сыйлығына ие болды. «Мен елімнің болашағы үшін алаңдаймын. Сондықтан да Президент сайлауына келіп, дауыс берудіазаматтық парызым, деп санадым. Осы мақсатпен сайлау бөлімшесі ашылған бойы келгем, тосын сыйға қуанып қалдым. Сыйлық алам, деп еш ойлағаным жоқ. Көңілім көтеріліп қалды, ұйымдастырушыларға алғыс айтамын»,-дейді тосын сыйға ие болған тұрғын.

 

Сонымен қатар биыл 18 жасқа толып, саяси шараға алғаш рет қатысқан 10 азаматқа да кәдесыйлар тарту етілді. Таңертеңнен бері мұнда студенттер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен өңірге белгілі азаматтар өз таңдауын жасауда. Алтын құрсақты аналар болса балаларын ерте келіпті. Мұнда сайлаушылардың еш кедергісіз дауыс беруіне барлық жағдай жасалған. Аймақтағы барлық сайлау бөлімшелерінде жергілікті өнерпаздар концерт қойып жатыр. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, халыққа бармағынан бал тамған аспаз бен шеберлердің қолынан шыққан өнімдер ұсынылуда.

 

Сайлаудың кешкі сағат сегізге дейін жалғасады. Ал, облыстағы әскери бөлімдер, перзентхана мен ауруханаларда орналасқан 20 учаскеде сайлау мерзімінен бұрын аяқталуы тиіс. Біз еліміз үшін аса маңызды саяси шараның өту барысы туралы ақпаратты сағат сайын беріп тұруға тырысамыз.

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему