Жаңаөзен ұландарына құқықтық қолдау күні
15 Июня 2026 (16:46) | 1
|
Автор: Абдрасул Абдрашит
«Заң және Тәртіп» идеологиясы аясында Жаңаөзен қаласындағы 5548 әскери бөлімінде «Әскери қызметшілер мен әскери қалашық тұрғындарына құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету акциясы» профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – әскери бөлімдерде әскери прокуратура өкілдерінің, әскери бөлімдер қолбасшылығының, әскери басқару органдарының, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен қоғамдық қабылдаулар ұйымдастыру.
Акция барысында әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелеріне және әскери қалашық тұрғындарына құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша, атап айтқанда әлеуметтік қолдау шаралары, тұрғын үй құқықтарын іске асыру, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ әскери және азаматтық мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
— Мұндай акцияларды біз заңдылықты нығайту, құқықтық сауаттылықты арттыру және әскери ортадағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңызды тетігі ретінде қарастырамыз. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасын табатын болады, — деді бөлім командирі подполковник Хамит Бигужин.
Осындай іс-шараларды өткізу жеке құрамның құқықтық сауаттылығын арттыруға және әскери ортадағы заңдылық пен тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.
Баспасөз қызметі «Батыс» өңірлік қолбасшылығы, ҚР ҰҰ
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz





