Балғындарға арналған қайырымдылық шарасы
Курс валют в Актау
на 27/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
27 Ноября, 03:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Балғындарға арналған қайырымдылық шарасы

2 Июня 2015 (15:42) | 1578 | Автор: Нұрганым Имашева

Жайнаған жаз маусымының ең алғашқы күні атап өтілетін Дүниежүзілік балаларды қорғау күні мерекесінде әрбір ұжым сәбилерге қамқорлық жасап, оларды қуантудың әрекетін жасайтыны анық. Өйткені бұл атаулы күн-балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелердің бірі.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы және аумақтық көлік басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен Ақтау қаласының 14 шағынауданында орналасқан Маңғыстау облыстық мамандандырылған балалар үйі мемлекеттік мекемесіндегі бөбектерге арналған қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды.

 

Аталған мекемедегі балалар үйінде 1-3 жас аралығындағы бөбектер, мүгедек балалар мемлекет қамқорлығына алынған.

 

Басқарма қызметкерлері атынан мерекелік шара барысында балаларға арнап клоунның қатысуымен әртурлі көңілді қойылымдар көрсетілді.

 

Мерекелік кеш соңында бөбектерге киімдермен қоса ойыншықтар сыйланып, балалар үйінің қызметкерлеріне басқарма атынан мадақтау қағазы табысталды.

 

-Сәбилерге қамқорлық көрсету, олардың құқықтарын қорғау біздің басты міндетіміз. Сондықтан осындай қайырымдылық шараларын ұдайы ұйымдастырып отыруға тырысамыз,-дейді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының қызметкерлері.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему