Ұлттық ұланда балаларға арналған думанды мереке ұйымдастырылды
Курс валют в Актау
на 07/06/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
7 Июня, 00:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ұлттық ұланда балаларға арналған думанды мереке ұйымдастырылды

31 Мая 2026 (12:06) | 1 | Автор: Редакция

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ұлттық ұланның Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінде әскерилердің балаларына арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әскери бөлім аумағында өткен думанды мереке балалар мен ата-аналарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, патриоттық тәрбиені насихаттаған тағылымды шараға айналды.

Мерекелік бағдарлама барысында қонақтарға әскери бөлімнің тыныс-тіршілігі таныстырылып, заманауи әскери техника мен қару-жарақ үлгілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Балалар әскери техникалардың ішіне отырып көріп, сарбаздардың күнделікті қолданатын жабдықтарымен танысты. Әсіресе қару-жарақтарды қолмен ұстап көру мүмкіндігі бүлдіршіндерге ерекше әсер сыйлап, олардың әскери мамандыққа деген қызығушылығын арттырды.

Шара аясында балаларға тәттілер таратылып, түрлі ойын-сауық бағдарламалары мен спорттық жарыстар өткізілді. Әсіресе «Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорттық сайыс көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Тартысқа толы әрі қызықты өткен додада қатысушылар өздерінің ептілігі мен ұйымшылдығын көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша:
І орын – Әділ Бигелдиевтің отбасы
ІІ орын – Әділханұлы Мирастың отбасы
ІІІ орын – Мирамбек Таңатаровтың отбасы иеленді.

Сонымен қатар балалар мен ата-аналар арасында би билеу, спорттық эстафеталар және өзге де көңілді сайыстар ұйымдастырылып, мерекенің ажарын аша түсті. Кішкентай қонақтардың шат күлкісі мен ата-аналардың ризашылығы шараның жоғары деңгейде өткенін айқын көрсетті.

Іс-шараны ұйымдастырушы майор Шыңғыс Темиров өз сөзінде:

«Балалар – еліміздің болашағы. Осындай мерекелік іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіріп, әскери қызметке деген қызығушылықты арттыруды мақсат етеміз. Балалардың қуанышы – біз үшін ең үлкен марапат», – деп атап өтті.

5517 әскери бөлімінде өткен бұл мереке балаларға ұмытылмас әсер сыйлап қана қоймай, отбасы құндылығы мен патриоттық тәрбиенің маңызын дәріптеген жарқын шара болды.

ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему