Баланы түнде клубқа кіргізген қызметкер жауапқа тартылды
11 Января 2017 (16:00) | 1889 | Автор: Мира Ботабекова
Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 132-бабының 1-бөлігімен азамат Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, осыдан екі ай бұрын, сағат 22:04 шамасында кәмелет жасқа толмаған А. қасында ата-анасы жоқ, жалғыз өзі Жаңаөзен қаласы, Самал шағын ауданында орналасқан «Плестейшн» ойын-сауық орталығының ішінде болған.
Жасөспірім баланың түнде «Плестейшн» клубында жүруіне сол клубтың әкімгері жеке Д. жол берген.
Сот қаулысымен Д. ӘҚБтК-нің 132-бабының 1-бөлігімен ( Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беруі) кінәлі деп танылып, оған 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлдың 30% жеңілдік қолданылып, 44541 теңге айыппұл жазасы қолданылды. Сот қаулысы заңды күшіне енді. Бұл туралы Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі хабарлады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему