Отанға адалдық – ерлікке бастар жол
Курс валют в Актау
на 01/01/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
1 Января, 00:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Отанға адалдық – ерлікке бастар жол

22 Декабря 2025 (12:56) | 1082 | Автор: Редакция

Туған жері – қасиетті Орал қаласы. Осы өңірде еңбек пен тәртіптің қадірін бойына сіңіріп өскен матрос Гусев Савелий Александрович – бүгінгі жас ұрпаққа үлгі боларлық азамат. Оның өмір жолы қарапайым еңбектен басталып, Отан алдындағы қасиетті борышты абыроймен атқаруға ұласуда.


Әкесі – Гусев Александр Александрович, Зенит зауытында дәнекерлеуші болып еңбек етіп келеді. Ол да кезінде Ақтау қаласындағы 25744 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өткерген. Әке көрген оқ – ұлға өнеге. Ал анасы – Гусева Любовь Валеривна, отбасының берекесін сақтаған, балаларына мейірім мен тәртіпті қатар үйреткен жан. Осындай еңбекқор, елжанды отбасында тәрбиеленген Савелийдің азаматтық болмысы ерте қалыптасты.
Әскерге дейін Савелий Орал қаласындағы пластик зауытында дәнекерлеуші болып жұмыс істеді. Еңбекке ерте араласуы оның төзімділігін арттырып, жауапкершілікке үйретті. Бос уақытында гитарамен ән айтып, өнерге де жақын болды. Музыка оның жан дүниесін байытып, адамдармен тез тіл табысуына көмектесті.
Бүгінде ол Әскери-теңіз күштеріне қарасты "Маңғыстау" зымыран-артиллериялық кемесінде мерзімді әскери қызметін абыроймен өтеп жүр. Әскер – тәртіп пен шыдамдылық мектебі. Савелий үшін бұл кезең тек міндет қана емес, үлкен өмірге бастар маңызды баспалдақ болды.
«Әскерде ешқандай қиындық жоқ деп сеніммен айта аламын. Керісінше, мінезім ашылып, көпшіл бола бастадым. Мұнда әр күн – жауапкершілік пен бірліктің үлгісі. Жолдастық, өзара қолдау дегеннің не екенін шын мәнінде осы жерде түсіндім»,-дейді Савелий
Шынында да, әскери орта жас жігітті шыңдайды. Тәртіпке баулиды, уақыттың қадірін ұғындырады, ел мен жерге деген сүйіспеншілікті арттырады. Савелий сияқты жастар үшін әскер – рухты күшейтетін, ертеңге сенім сыйлайтын мектеп.
Ол кейінгі жастарға жүрекжарды тілегін арнайды:
«Әскерден қорықпау керек. Отан алдындағы борышты өтеу – әр азаматтың парызы. Бұл жолда адам өз-өзін таниды, нағыз достар табады, ер азаматқа тән қасиеттерді бойына сіңіреді».
Ел тыныштығы мен болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі – осындай жауапты да батыл жастардың қолында. Матрос Савелий Гусевтің өмір жолы – еңбек пен Отанға адалдықтың үйлескен айқын көрінісі. Мұндай азаматтар барда еліміздің ертеңі нық, келешегі кемел болмақ.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему