Әскери парадқа қатысушылар тұрақты қызмет орнына оралып жатыр
Курс валют в Актау
на 24/06/2025
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
24 Июня, 17:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әскери парадқа қатысушылар тұрақты қызмет орнына оралып жатыр

10 Мая 2025 (13:21) | 3714 | Автор: Редакция

Жеңіс парадына қатысушыларды Ақтау қаласында салтанатты жағдайда қарсы алды.
Маңғыстау теміржол вокзалында Астанада өткен әскери парадқа Ақтау гарнизонының атынан қатысқан әскери қызметшілерді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Таңның ертесіне қарамастан, бұл кездесу мерекелік көңіл-күйде өтті. Жүздеген әскери қызметші, олардың отбасы мүшелері мен әскери оркестр музыканттары парадқа қатысушыларды қарсы алуға жиналды.
Теңіз жаяу әскерлері бригадасының, Әскери-теңіз күштерінің, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері бригадасының, материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасының және әскери полицияның жеке құрамы өз әріптестерін құрметпен қарсы алды.
Каспий жағалауынан келген  500-ге жуық әскери қызметші бір айдан астам уақыт бойы Астанада саптық машықтарын жетілдіріп, парадта Маңғыстау облысының намысын лайықты қорғады.
Платформада әскери оркестрдің көңілді марштары ойналып, ауада күлкі мен шаттық лебі есті.
Жиналғандарды Ақтау гарнизонының бастығы подполковник Азамат Сүлейменов құттықтады:
– Сіздермен қайта қауышқанымызға қуаныштымыз, – деді ол. – Сіздер тарихқа ендіңіздер. Екі айдан астам уақыт бойы сарбаздар үлкен дайындықтан өтіп, маңызды іс-шарада өзін лайықты көрсете білді. Біз сіздермен мақтанамыз. Әрқайсыңызға үлкен алғысымды білдіремін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық бақыт пен ашық аспан тілеймін!
Кейін салтанатты іс-шаралар әскери бөлімдерде жалғасты. Теңіз жаяу әскерлері бригадасының саптық алаңында келгендерді ұрандармен, әскери тәртіппен қарсы алды.
Мерзімді қызметтегі теңіз жаяу әскері жауынгері қатардағы Алмас Дәулетбек парадқа қатысқанын мақтаныш етеді. Барлық әскери қызметші саптық дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетіп, жақсы баға алды. Ол министр атынан он күндік демалысқа жіберілді.
Алда сарбаздарды жауынгерлік атыстар, полигондағы оқу-жаттығулар және басқа да әскери міндеттер күтіп тұр. Дегенмен бұл – жылдың басты саптық шеруіне қатысу олардың жадында мәңгі сақталмақ.
Айта кетейік, Ақтау гарнизоны атынан әскери парадқа екі саптық есептоп – теңіз жаяу әскерлері бригадасы мен Әскери-теңіз күштері қатысып, өңірді абыроймен танытып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему