«Бақытты балалық шақты –қорғау!» акция аясындағы кездесу
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 19:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Бақытты балалық шақты –қорғау!» акция аясындағы кездесу

11 Марта 2018 (13:11) | 3538 | Автор: Нурганым Имашева

ҚР ІІМ-ң №75 бұйрығына сәйкес,  еліміз бойынша «Бақытты балалық шақты-қорғау!» жобасы аясында кең ауқымды республикалық акциясы өтуде. Осыған орай, Маңғыстау облысы ІІД ЖПҚ-ң ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция подполковнигі  Эльвира Касанова мен АҚІІБ ЖПҚ полиция капитаны Нұрлан Рахаев, «Қазақ-Түрік лицейі» шәкірттерімен кездесті. Шараға білім ордасының ұстаздары мен оқушылардың ата-аналары да  қатысты.

 

 

Акцияның мақсатыс- балалардың құқығын қорғау, жасөспірімдерге құқықтық, заңдылық тұрғысында түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады. Кездесуде тәртіп сақшылары «Қауіпсіз интернет», «Темекі бұйымдары», «Алкогольдік  өнімдер», сондай-ақ 21-ғасыр дерті аталатын «Нашақорлық» тақырыбында әңгіме өрбітіп, тың ойларын ортаға салды.

 

Оқушыларға слайд арқылы  ішімдік пен шылым өнімдерінің зиянды тұстары түсіндіріліп,  интернеттен келетін қауіптің түрі де айтылды.

 

Ішкі істер органдарының мамандары  оқушылардың адам денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін зиянды  нәрселерден аулақ болуға шақырды. 

 

 

Ал, білім ордасының тәлімгерлері  өз кезегінде көкейінде жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

 

Мектеп оқушылары мен ата-аналар  мұндай кездесулер  жиі  ұйымдастырылып  тұрса екен деген ұсыныстарын жеткізді.

 

Полицейлердің айтуынша,  жасөспірімдер арасында психотроптық, есірткілік, таксикомандық өнімдерді қолдану көрсеткіші жоқтың қасы.

 

 

Сондай-ақ,  көшеде немесе қоғамдық орындарда ұсталатын жасөспірімнің қатары да азайған. Алайда, өкінішті  жағы бар.

 

Есесіне темекіге әуес жастармен, әрі ғаламторға тәуелді балалармен ІІД-нің Ювеналды полиция тобының инспекторлары үнемі қадағалау жұмыстарын жүргізіп, бақылап отырады.

 

Маңғыстау облысының   ІІД  Баспасөз қызметі

Суретті ұсынған    ІІД  Баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему