Маңғыстаудың тұмса табиғаты National Geographic Qazaqstan журналына енді
5 Июня 2023 (17:18) | 1709 | Автор: Редакция
Маңғыстау табиғаты турасында баяндалған «Мың дала, Маңғаз мекен» атты мақала National Geographic Qazaqstan журналынының мұқабасына шықты, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы Мәулен Ғабдулқалиевтің айтуынша, бұл өңірдегі туризм саласының дамуына септесері сөзсіз.
- National Geographic Qazaqstan журналы - Ұлттық географиялық қоғамдастықтың Қазақстандағы ресми басылымы. Халықаралық танымалдыққа ие журналдың 1 маусым күнгі кезекті санында Үстірт пен Тұзбайыр елді мекендері туралы мақала беттелді. Шетелдік туристерге тартымды өлке туралы жыл соңына дейін жұмбаққа толы, айырықша 30 жер туралы эксклюзивті түрде үш тілде арнайы жазба жарияланады. Журналдың ресми өкілдері маусым айында түбекке арнайы саяхаттап келеді. Келесі турды жалғастыру мақсатында қыркүйек айында тілшілер қасиетті мекенге тағы бір мәрте табан тірейді, - деді Мәулен Ғабдулқалиев.
Жария етілген мақалада өлкенің көрікті мекендерінің бірі Тұзбайыр сорының сиқырлы бейнесі мен тылсым тарихы көркем суреттеледі.
- Ғалымдардың айтуынша, 250 миллион жыл бұрын бүгінгі Маңғыстау Лавразия мен Гондвана суперконтиненттерінің арасын алып жатқан Тетис мұхитының табаны болған. Бұған осы алқапта ара-тұра табылып жататын акулалардың қаңқасы мен тістері дәлел. Кейін суы тартылған мұхит табанын жел мен жаңбыр мүжіп, борлы жартастар, құздар мен ойпаттар түзілді. Жұмсақ жыныстар шайылып үстірт, шатқалдар және жыралармен бірге Тұзбайыр соры да пайда болған деседі, - деп жазады National Geographic Qazaqstan журналы. Толығырақ мақаланы https://nationalgeographic.kz/2023/06/01/mang-dala-mangghaz-meken/ сайтынан оқи аласыз.
Сондай-ақ, саяхаттан кейін National Geographic Qazaqstan журналы абыздар мен әулилер мекені болған Маңғыстаудың көрікті жерлерін таспалап, алдағы уақытта көрме ұйымдастыратынын айтты. Бұл өңіріміздің туризм саласының дамуына септесері сөзсіз.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему