Ақтаудан 43 шақырымдағы теңіз жағалауы қоқыстан тазаланды
10 Апреля 2023 (15:45) | 1943 | Автор: Редакция
Өткен сенбі-жексенбі күндері Маңғыстау облысының көлемінде табиғатты тазалау жұмыстары жүргізілді. Игі шарадан өңірлік балық шаруашылығы инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторлары да тыс қалған жоқ.
Ұжым болып ақылдаса келе Ақтаудан 43 шақырым жердегі жағажайды тұрмыстық қалдықтардан тазалау ұйғарылды. Аталған аумаққа әсіресе жаз айлары демалушылардың көп баратыны белгілі. Өкінішке қарай, басым көпшілігі апарған тамақ қалдықтары мен сусын-ішімдіктен босаған бөтелкелерді тастап, отырған жерін бүлдіріп кетеді.
Тазалық шарасына 10 мемлекеттік инспектордан бөлек, жергілікті балықшылар мен Ақтау мемлекеттік университетінің жүзден аса студенті қатысты. Нәтижесінде, теңіз жағалауы қалдықтардан толықтай тазартылды. Жиналған күл-қоқыс Сайын Шапағатов елдімекеніндегі полигонға тасылды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему