Маңғыстау полициясында шетелдік автокөліктерді заңдастыру ережелері туралы айтылды
Курс валют в Актау
на 29/01/2023
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
29 Января, 01:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау полициясында шетелдік автокөліктерді заңдастыру ережелері туралы айтылды

21 Января 2023 (18:54) | 1011 | Автор: Редакция

2023 жылдың 23 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін ел аумағына әкелінген шетелдік көлік құралдарын заңдастыру басталады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы процессингтік орталығының бастығы Ерлан Кезбаев хабарлады.

 

 

Спикердің айтуынша, шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктері және басқаруы оң жақтағы автокөліктер заңдастыруға жататын автокөліктер.

 Автокөлікті біздің елде заңдастыру үшін басқа елден есептен шығару қажет. Көлікті есептен шығарғаннан кейін ғана Қазақстанда тіркеуге қоюға болады. Ел ішіндегі автокөліктерді сатып алған кезде де сатып алушы оны тіркеуден шығарып, өз атына тіркеуге қояды.

 - Айта кету керек, автокөліктердің басқа елдегі тіркеуден шығуы өте маңызды. Өйткені басқа елде тұрған көлікте әртүрлі шектеулер болуы мүмкін. Егер оны шетелдік тіркеуден шығармай, Қазақстанда тіркеуге қойса, құқықтық мәселелер туындауы ықтимал, дейді Ерлан Кезбаев.

 Сондай-ақ, брифинг барысында спикер іздеуде жүрген қылмыстық көліктер, толық кедендік тазартудан өтпеген көліктер және 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген автокөліктер заңдастырылмайтынын атап өтті.

 - Көлік иесі Автоцонға 4 құжат ұсынуы керек. Олар өтініш, өтініш берушінің жеке бас куәлігі, көлік паспорты немесе тіркеу туралы куәлігі. Және де көлікке меншік құқығын растайтын құжат. Оған көлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе иеліктен шығару туралы өзге де мәміле шарттары, мұрагерлік құқығы туралы куәлік жатады, дейді Ерлан Кезбаев.

 Сонымен қатар, көлік иесі алғашқы тіркеу үшін – 200 000 теңге көлемінде қаржы, техпаспорт үшін  4313 теңге көлемінде мемлекеттік баж, мемлекеттік нөмір үшін – 9 660 теңге мөлшерінде алым төлейді.  Құжаттардың түпнұсқасын автоцон қызметкеріне тапсырады. Оларға шетелдік техпаспорт, меншік құқығын растайтын құжат жатады.

 

Тіркеу бекітілгеннен кейін автомобиль иесіне Қазақстан Республикасының тіркеу құжаты және мемлекеттік нөмірі беріледі.

 

Заңдастыруға "Электрондық үкімет" порталы немесе арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өтініш беруге болады.

Өтінім беру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему