Кеңес өз қызметін - профилактикалық бағытта жалғастыруда
19 Декабря 2022 (13:36) | 723 | Автор: Редакция
Жуырда Маңғыстау облысындағы әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы БАҚ-ның қатысуымен онлайн форматта өтті. Бұл жолы әдеп кеңесінің мәжілісінде жалпы 4 мәселе талқыға салынды.
Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаларының және әдеп кодексі талаптарының орындалысы бойынша Қарақия және Түпқараған ауданы әкімдерінің м.а. М.Төлегенов пен Т.Алтынғалиевтың есептері тыңдалды.
Қарау нәтижесінде, бос лауазымдарды толықтыру мақсатында дереу конкурстар өткізуді жүйелі түрде жүргізіп отыру, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық және әдеп нормаларын тиісті деңгейде сақтамау деректері жиі орын алынуына байланысты, оны алдағы уақытта болдырмау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілдері ұжымдағы қызметшілермен жеке дара жұмыс жүргізуі, сондай-ақ тәжірибеде орын алып жатқан мән-жайларға мысал келтіру арқылы мемлекеттік органдарының қызметшілеріне құзырлы органдардың өкілдерін қатыстыра отырып, заң талаптарын түсіндіру бойынша семинар, кеңестерді және т.б. шараларды жүйелі түрде жүргізу туралы шешім қабылдады.
Бұған қоса, мемлекеттік қызметшілердің және қызметке қабылданатын тұлғалардың кәсіпкерлікпен айналысу деректерін анықтау жұмыстарын жүргізу, құмар ойындарға шамадан тыс әуестік мемлекеттік қызметшілерді басқа заңсыз табыс көздерін (сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол беру және басқа да оңай ақша табуға бағытталған әрекеттерге бару) іздеуге итермелеуі мүмкін екендігі бойынша әрдайым түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыруды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу арқылы оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шараларды қабылдауды ұсыным етті.
Осыдан кейін, 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің тәртіптік комиссияларының жұмысына жүргізілген талдау нәтижесі қаралды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему