«101» Қызметі хабарлайды
1 Апреля 2020 (15:54) | 1747 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі хабарлайды: өткен аптада 22 мен 29 наурыз аралығында өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері дабыл бойынша – 33 шығыс тіркелді, оның ішінде өртке – 1 рет, жану жағдайына – 27 рет, авариялық-құтқару жұмыстарына – 5 рет.
Осы аптада Ақтау қаласында бір өрт орын алды: 12-ші ш/а, №51 үйдің артында 2006 ж/ш м/н R090 LPM «Mersedes – benz» автокөлігінің жүк бөлігінде өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін сөндірілді.
-Автокөліктерді өрттен қорғау үшін бірнеше негізгі ережелерді білу қажет. Автокөлікті техникалық ақаусыз ұстау қажет. Әрбір жүргізуші автокөлікте жарамды автокөліктік өрт сөндіргішінің болуын қадағалауға міндетті. Бұл жарамды өрт сөндіргіш сіздің автокөлігіңізді толық жанудан, сондай-ақ өміріңізді сақтай алады. Нұсқаулықты алдын ала оқып, өрт сөндіргішті қалай пайдалану керектігін білу қажет.
Автокөлікте темекі шегу кезінде мұқият болыңыз. Орындықтың қатпарларына құлап кеткен кішкентай темекі қалдығы үлкен апатқа әкелуі мүмкін. Егер автокөліктің өртенуінен құтыла алмасаңыз, дереу әрекет ету керек.
Автокөлік жанған кезде немесе егер сіз ағып жатқан бензиннің, майдың, жанған резеңкенің иісін сезсеңіз, капоттың түбінен түтінді байқасаңыз – автокөлікті тоқтату қажет. Қозғалтқышты өшіріңіз – кілтті оталдыру құлыптарынан алып тастаңыз. Егер көлік газда жұмыс істесе, жүксалғышта орналасқан жанармайы бар бактағы екі кранды жабу керек.
Құрметті облыс тұрғындары Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері көліктердегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді,-деп хабарлайды Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.
Суреттерді түсірген Рукия Сычева
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему