Маңғыстаулық тәртіп сақшылары «Жолда қабылдау» ұйымдастырады
16 Мая 2019 (18:17) | 2480 |
Автор: Нурганым Имашева
Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары! Маңғыстау облысы Полиция департаменті ағымдағы жылдың
17-18 мамыр күндері «Жолда қабылдау» республикалық акциясын ұйымдастырады. Акцияның өту уақыты мен орны: 17 мамыр сағ.10:00- 15 ш/а, ХҚКО жанында;
сағ.15:00 16 ш/аудан «Ақтау» сауда кешені; 18 мамыр сағ.10:00 30 ш/а, Сары базар алдында;
сағ.15:00 2 ш/а «Алатау» сауда орталығы.
Сондай-ақ, call-орталығының 34-30-60 номері жұмыс жасайды
Акция барысында қала тұрғындары тәртіп сақшыларына Ішкі істер органдарының қызметіне қатысты сауал қойып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша кеңес ала алады.
Ақпаратты ұсынған Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Суреттер: Полиция департаментінен
Зарегистрируйтесь или войдите в систему