Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері Жетібай ауылына барды
2 Ноября 2022 (18:17) | 1544 | Автор: Редакция
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасымен облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері Жетібай ауылына барып, тұрғындарға медициналық қызмет көрсетті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балалар хирургі, балалар оториноларингологы, балалар неврологы және балалар офтальмологы 0-18 жас аралығындағы балаларды қабылдады.
- Ауылда дәрігерлердің жетіспеушілігі бар. Сондықтан облыстық көпбейінді балалар ауруханасы дәрігерлерінің ауылға келуі аса маңызды, – деді Жетібай ауылдық ауруханасының бас дəрігері Бейбіт Калимов.
Айта кетейік, облыс дәрігерлері бір күннің ішінде 100-ден астам баланы қарап, қажетті емдерін тағайындады. Дәрігерлердің аудан, ауылдарға барып, балаларды тексеру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему