Главное » Тыныс
Қазақстанда жылжымайтын мүлік бір жылда 26,4% қымбаттады
8 Августа 2022 (16:47) | 1638 | Автор: Редакция
Бір жылда (2022 жылдың шілдесін өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы 26,4%, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,6% өсті. Бұл туралы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы хабарлады.
storage.yandexcloud.net
Тұрғын үйді жалға алу төлемі 2022 жылдың шілдесінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,8% артты.
"Өңірлер бойынша жаңа салынған тұрғын үйлер нарығындағы баспана жылдық мәнде Ақтөбе қаласында – 32,5%, Нұр-Сұлтанда – 27,6%, Өскеменде 26,1% қымбаттады. Қолданыстағы үйлерді қайта сату нарығында баға өсімі бойынша көшбасшылар – Қызылорда (44%), Өскемен (43,7%), Талдықорған (43,4%) және Нұр-Сұлтан қалалары (41,3%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығында – Алматы қаласы (47,2%)", - деп хабарлады Ұлттық бюро.
Шілдеде пәтерлерді қайта сату бағасы маусыммен салыстырғанда 0,8%, жаңа тұрғын үйді сату 0,5% өсті. Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,4% жоғарылады.
Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
КОММЕНТАРИИ:
Добавить комментарий
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему
Зарегистрируйтесь или войдите в систему