Жаңа технологияларды қолдану заман талабы
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 21:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңа технологияларды қолдану заман талабы

31 Января 2018 (09:46) | 2525 | Автор: Нурганым Имашева

2018 жылдың 10 қаңтарында  мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  Жолдауынарнады.

 

 

Елбасы ұсынған Жолдауда  индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, «ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру,  құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу,  қаржы секторын «қайта жаңғырту», адами капитал – жаңғыру негізі, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі, «ақылды қалалар», «ақылды ұлт» үшін атты 10 ауқымды міндеттер қойылған.  

 

Бір айта кетерлігі, он міндеттің  барлығында цифрландыру бағыты басты назарға алынып отыр. Жолдаудағы сегізінші  яғни, тиімді мемлекеттік басқару міндетінде мемлекеттік органдар нақты уақыт және жедел жауап беру режімінде азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу үшін заманауи цифрлық технологияларды қолдануға тиістігі жазылған. Бүгінде сот саласында да цифрландыру бағытына ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін сот жүйесіне қолжетілімділікті арттыру және оңтайландыру мақсатында 2014 жылдың 5 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Интернет – ресурсында «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі іске қосылған болатын.

 

 

2014 жылдың 12 айында аудандық және оған теңестірілген соттарға 21 829 түскен талап арыздың «Сот кабинеті» арқылы түскен талап арызы 2804, яғни 12,8% болса, 2015 жылдың 12 айында аталған көрсеткіш 43,3 пайызды, 2016 жылдың 12 айында 82,6 пайызды құрады. Қазіргі таңда «Сот кабинеті» ақпараттық электрондық жүйесінің тиімділігі және қолданылуы бойынша халыққа насихаттау жұмысын жүргізу нәтижесінде бұл көрсеткіш 2017 жылдың 12 айында 98,3 пайызға жетті.

 

Сот жүйесіне енгізілген қолданыстағы жаңа заманауи технологиялар сот өндірісін жеңілдету болса, бір жағынан азаматтарға сотқа бармай-ақ кез келген уақытта «Сот кабинеті» арқылы талап арыз немесе өтініш түсірулеріне мүмкіндік береді.

 

Мұның бәрі – жаңа технологиялар дәуірінің талабы. Сондықтан қарқынды дамып жатқан әлемде басқалардан қалып қоймау үшін, жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу дамыған отыз елдің қатарына кіру үшін Елбасының Жолдауда алды­мызға қойған міндеттер мен ұсыныстарды толыққанды іске асыру үшін еліміздің әрбір азаматы өз үлесін қосатынына сенемін. 

 

 

Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдыруға барлығымыз да өз үлесімізді қосуға  тиіспіз.

 

Сондықтан Халыққа жолданған құжатта көрсетілген тапсырмалар мен міндеттерді жұрт болып жұмылып, жүзеге асыруымыз қажет.

 

Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы Деменова Бибігүл Көңбайқызы

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему