Жаңаөзенде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтілді
Курс валют в Актау
на 03/07/2022
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
3 Июля, 19:42
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзенде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтілді

18 Июня 2022 (13:53) | 1191 | Автор: Редакция

Жаңаөзен қаласында «Медицина кәсібі - адамгершіліктің асылы» атты медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетов қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады. Қала әкімінің орынбасары өз сөзінде медицина қызметкері болу мәртебелі әрі жауапты мамандық екенін айтып, дертке шипа, денге саулық сыйлайтын ардақты мамандық иелерінің еңбектерін күн сайын елеп-ескеріп отыру қажеттігін тілге тиек етті.

- «Бірінші байлық – денсаулық» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Ауырсақ тәнімізді емдеп, жанымызға дем беретін дәрігерлер қауымы қашанда құрмет тұтуға лайықты жандар. Әсіресе, еліміздегі әлемдік індетпен күрес жолында тәулік бойы көз ілмей, тәуекелге бел буып, адам өміріне араша түскен Сіздердің еңбектеріңіз ерлікке пара-пар! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде дәрігерлердің мәртебесін көтеріп, мәселелерін шешу керектігін атап өткен болатын. Бұл мемлекеттің ел медицинасына көрсетер қолдауы зор екенін білдіреді. Бүгінде қаламыздың 1500-ге жуық тұрғыны өмірін медицина саласымен байланыстырып, халық алғысына бөленіп, осы салада тер төгуде, - деді Жаңабай Аймағанбетов.

Шара барысында бірқатар медицина саласының қызметкеріне «Медицина саласының үздігі» төсбелгісі, ҚР Денсаулық сақтау министрінің, Маңғыстау облысы әкімінің және Жаңаөзен қаласы әкімінің алғыс хаты табысталды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему