Жаңаөзендегі «Балақай» оңалту орталығында 20-шы баланың тұсауы кесілді
21 Мая 2022 (13:14) | 1452 | Автор: Редакция
Жаңаөзен қаласында орналасқан «Балақай» оңалту орталығында 20-шы баланың тұсау кесу рәсімі өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
6 жасқа келіп, алғашқы қадамын басқан Жалғас есімді балақайдың тұсауын Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Орынбасаров Бекбол Тілеумұратұлы кесті. Шараға Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов, оңалту орталығының мамандары мен ата-аналар қатысты.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров пен Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов құттықтау сөзін сөйлеп, оңалту орталығы мамандарының игілікті жұмыстары үшін алғыс айтты.
Дамуы кенжелеп қалған балақайларды оңалтумен айналысып отырған білікті мамандар осыған дейін жаңаөзендік бірнеше баланы аяққа тұрғызып, бірнеше тілашар рәсімін де өткізген.
Шарада тұсауы кесіліп, алғаш қадам басқан 6 жасар Жалғас Жаңабайға велосипед табысталды. Сонымен қатар, Жалғастың анасы сөз алып, орталыққа келгелі баласының бойындағы өзгерістер туралы айтып, оңалту орталығының мамандарына алғысын жеткізді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «ӨзенМұнайГаз» АҚ қолдауымен ашылған болатын. Аталған мекеменің қызметкерлері қайырымдылық жасап ай сайынғы жалақысынан қаржы бөліп, орталықтың жұмысын қамтамасыз етіп отыр.
Заманауи қондырғылармен жабдықталған оңалту орталығында сәулелі терапия, магнит, ультрадыбыстық аппарат түрлері қамтылған 11 арнайы кабинет бар. Мұнда кәсбіи білімі бар мамандар жұмыс істейді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему