Әскерде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
2 Февраля 2022 (18:50) | 1512 | Автор: Нурбол Шалабаев
Ақтау өңірлік гарнизонында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері әскери теңіз базасында 2022 жылдың қаңтар айына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның бірінші кезекті міндеті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
Отырысқа Ақтау гарнизонының бастығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның төрағасы және әскери бөлім командирлері қатысты. Ақтау өңірлік гарнизонында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның 2022 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.
Жиын барысында ҚР Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар» 34-тарауындағы баптардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктері жеткізілді.
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері жасайтын сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша талдау жүргізіп, оның болдырмас шараларын қарастырамыз, - деді Ақтау өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Айбол Қасенов.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему