Жаңаөзенде 1500 орынға арналған смарт мектеп салу жоспарлануда
Курс валют в Актау
на 22/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
22 Ноября, 13:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзенде 1500 орынға арналған смарт мектеп салу жоспарлануда

19 Ноября 2021 (12:59) | 2238 | Автор: Редакция

18 қарашада Нұрлан Ноғаев жұмыс сапары аясында Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Іс-сапардың алғашқы күні аймақ басшысы Жаңаөзен қаласына қарасты Тенге, Қызылсай, Кендірлі ауылдарындағы әлеуметтік нысандарды аралап, бүгінгі жағдайын көрді.

Қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары аясында бірқатар медициналық нысан бой көтеруде. Осы жылдың  қыркүйек айында Қызылсай ауылында дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілсе, жыл соңына дейін Жаңаөзен қаласында 50 орындық озық үлгідегі медициналық орталық ашылады. Нұрлан Ноғаев емхананың құрылысымен танысып, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жұмыс істейтін мамандарды қазірден дайындау керектігін айтты.

Жаңаөзен қаласында мектепке деген сұраныс жыл сайын артып келеді. 2020 жылы – 33,6 мың оқушы,  2021 жылы – 34,2 оқушы білім алса, 2025 жылы қала мектептерінде оқитын оқушылардың саны 37 мыңға артады деп жоспарлануда. Мектептердегі орын тапшылығын жою мақсатында «Шаңырақ» шағынауданында мемлекеттік-жекешелік әріптестік  шеңберінде  1 500 орынға арналған смарт мектеп салу көзделіп отыр. Мектепте балалардың дамуына жан-жақты жағдай жасалады, атап айтқанда телестудия, ойын бөлмелері, шығармашылық зерттеулер үшін 3D принтері, робототехника кабинеттері, темір мен ағаш өңдеу шеберханалары жұмыс істейтін болады. Жоба құны 4,8 млрд. теңге.

Қала мектептерінде маман тапшылығы бар. Бүгінде білім ошақтарында математика, орыс тілі, ағылшын тілі және тарих пәнінің мұғалімдері жетіспейді.  Облыс әкімі мұғалімдермен тілдесу барысында кей мектептерде «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасымен келген мамандардың үйлі болғанымен, көтерме қаражатты алмағаны белгілі болды. Нұрлан Ноғаев жауапты азаматтарға мәселенің анық-қанығына жетуді тапсырды.

- Бұл бағдарлама еліміздегі жас мамандарды әлеуметтік қолдау және кадр тапшылығын төмендетуге бағытталған. Осының арқасында біз мектептерді қажетті мамандармен қамтып отырмыз. Бұл бағдарламаның әрбір қатысушысына тиісті көтерме жәрдемақы төленіп, бағдарламадағы жеңілдіктер мен негізгі шарттарды түсіндіру керек. Ұлттың болашағына ықпал ететін ұстаздар. Сондықтан да педагогтарды қолдау біздің негізгі мақсатымыз болып қалады, деді Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Кендірлі ауылында салынып жатқан 300 орындық мәдениет үйінің құрылысымен танысты. Жоба «Ауыл ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асуда. Мұнда көрермен залы, 14 мың кітап қоры сақталатын кітапхана орналасады. Нұрлан Ноғаев құрылыстың қарқынын бақылауда ұстауды тапсырды.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Қазақ газ өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Аймақ сұйытылған газды пайдаланатын ірі тұтынушылардың бірі. Облыс автокөліктерінің 90 пайыздан астамы сұйытылған газды пайдаланады.

Өңірге негізгі газ жеткізуші - Қазақ газ өңдеу зауыты (ҚазГӨЗ). Оның техникалық құрылғылары 90 пайызға тозған. Зауыттың апаттық жағдайда жиі тоқтауы халықты отынсыз қалдыруы мүмкін. Осыған орай, ҚазГӨЗ базасында жаңа газ өңдеу зауытын салу мәселесінің кешіктірілуі экономикалық қана емес, әлеуметтік қауіпті де төндіруі ықтимал. Осыған байланысты, облыс әкімі жауапты тұлғаларға аталған мәселені үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему