Жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер «Qoldau.kz» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады
9 Октября 2021 (14:47) | 1284 | Автор: Редакция
Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағамбетов мәлім етті.
«Бүгінгі күні жер қатынастары саласындағы ақпараттар мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер цифрландыру шарасы арқылы іске асуда. Мәселен, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі «Qoldau.kz», «www.gosreestr.kz», «Е-лицензия» порталдары арқылы көпшілікке қол жетімді. «Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» веб-порталында пайдаланып жатқан жер учаскелері туралы толық мәлімет берілген. Сондай-ақ, аталған интернет ресурс арқылы бос жатқан жерлерді де көруге болады. Веб-портал спутниктік картамен сәйкестендірілген», - деді Есемұрат Дүзмағанбетов.
Спикердің айтуынша, өткен жылы космомониторинг жобасы аясында «Qoldau.kz» веб-порталы арқылы облыс көлемінде пайдаланылмай жатқан 2 млн. 659 мың 800 жүз гектар жайылым жер анықталған. Былтыр 2 млн. 244 мың 700 гектар жер телімі, ал биыл 300 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему