Жетібай ауылының тұрғыны Дәулет Мұқашев құсбегілекпен айналысады
26 Марта 2021 (13:29) | 2738 | Автор: Редакция
Қарақия ауданындағы Жетібай ауылында тұратын Дәулет Мұқашев бүркіт баптап, аң терісін илейді. Бұл туралы Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Дүйсенбай Атағараев мәлім етті. Оның айтуынша құсбегі азамат ата кәсіпті "Маңғыстаудың алғашқы бүркітшісі" Мереке Өтеғалиұлынан үйренген.
"Осыдан 4 жыл бұрын Мереке Өтеғалиұлы тұратын Тұщыбек ауылына арнайы барып, кеңес сұрап құсбегіліктің қыр-сырын үйрендім. Осы кәсіпті кеңінен насихаттап, шәкірт дайындап жүрген ұстаздың айтары да көп болды. Ата-бабаларымыздың ұрпаққа қалдырған бай мұрасын, құсбегілік дәстүрін көздің қарашығындай сақтап, шәкірттер тәрбиелеп дамыта берсем деген ойдамын»,-деді Дәулет Мұқашев.
Айта кетейік, жетібайлық бүркітші қыс мезгілінде "Қандыбалақ" қыран құсыммен аңшылыққа шығып, олжаланған аң терісін илеу арқылы кәдеге жаратып отыр.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему