Ұлттық жол сапа орталығы «тәжірибелі» студенттерді жұмысқа тұрғызады
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 11:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ұлттық жол сапа орталығы «тәжірибелі» студенттерді жұмысқа тұрғызады

19 Марта 2021 (13:52) | 2336 | Автор: Редакция

Қазақстанда жол саласында дипломы бар қызметкер тапшылығы мәселесі айтылып жүр.

 


Ресми деректерге сүйенсек, орта есеппен 3 мыңға тарта маман қажет. Барлық өңірде жол шеберлері, инженер-сметашы, зертханашылар, жол құрылысы инженерлері, автогрейдер жүргізушілері, механизаторлар тағы басқа мамандықтар бойынша адам жетіспейді.

 

 

Отандық 30-жуық университет және 40-тан астам колледж жол саласы бойынша маман даярлаумен айналысады. Олардың қатарында Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті мен Халел Өзбекғалиев есімі берілген политехникалық колледж де бар.

 

 

Өткен жылдан бері аталған арнаулы орта оқу орнының екі студенті айына 80 мың теңгеден астам шәкіртақы алып, ұлттық жол сапа орталығының Маңғыстау филиалында тәжірибе жинады.

 

 


Бүгінде олар оқу бітіріп отыр. Бірі отан алдындағы борышын өтеуге әскер қатарына алынды. Жақындарына оралған соң филиал ұжымына қосылады деп күтілуде. Ал колледжді «Қызыл дипломмен» аяқтаған Оразалы Ақылбековпен ең келісімшарты жасалды.

 

«Алматы облысындағы орта мектепті аяқтап, Ақтауға оқуға түстім. Былтырдан бері жолдамамен осы орталықта ақылы тәжірибеден өттік. Жолдардың сапасын бақылаушы мамандармен бірге трассаларға тексеру шараларына үнемі қатысып, осы мамандықтың қыр-сырын меңгердім. Ғимараттағы және жылжымалы зертхана қызметімен танысып, түрлі құрал-жабдықтарды басқару тетіктерін үйреніп алдым. Қуанышымды шек жоқ, мен жұмысқа алып жатыр. Жалақысы да жоғары. Өзіме жүктелген сенімді ақтауға уәде беремін», - деді ол.

 

Білікті маман тапшылығы мәселесі тек қана орталыққа ғана емес, көлік жолдарын салу, жөндеумен айналысатын мердігер мекемелерге де тікелей қатысты. Олардың жұмысын қабылдап алатын жергілікті әкімдіктердің «жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» бөлімдерінде де жолшы мамандығын меңгерген қызметкер саны аз.


Яғни, ұлттық жол сапа орталығы өзіне қарасты мекемелерде тәжірибе жинаған колледж-университет түлектерін әріптес мердігер мекемелер мен әкімдіктерге де жолдай алады.

 

2020 жылы орталық тарапынан «1000 мектеп» жобасы қолға алынған.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему