Аймақ басшысы дауыс берді
Курс валют в Актау
на 17/01/2021
 
417.82
421.69
 
507.78
512.94
 
5.6
5.81
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
[email protected], [email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Января, 05:56
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аймақ басшысы дауыс берді

10 Января 2021 (11:08) | 733 | Автор: Редакция

Бүгін елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтуде.

 

 

Аймақ басшысы С.Трұмов өзі тіркелген сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.

 

Маңғыстау облысында сайлау жұмыстарын ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз ететін  1 облыстық, 2 қалалық, 5 аудандық, барлығы 8 аумақтық сайлау комиссиясы бар. Сонымен қатар, Ақтау қаласы бойынша 78, Жаңаөзен қаласы бойынша 37, Бейнеу ауданы бойынша 28, Қарақия ауданы  бойынша 16, Маңғыстау ауданы  бойынша 22, Мұнайлы ауданы  бойынша 36, Түпқараған ауданы  бойынша 14, барлығы 231 сайлау учаскесі жұмыс жасауда. Бұл учаскелердің жұмыстарын жүргізу үшін 1625 комиссия мүшесі тартылған. Сонымен қатар, кенорын мен әскери бөлімдер үшін 14 жабық сайлау учаскесі жұмыс істейді.

 

 Барлық сайлау учаскелері санитарлық талаптарға сай жабдықталған.  

 

Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен сағат 07:00-ден бастап 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Биыл сайлау алғаш рет партия тізімі бойынша өтуде. Бұл дегеніміз - мәжіліске, аудандық, қалалық, облыстық мәслихатына үш бюллетеньмен дауыс беріледі. Оның ішінде облыстық мәслихатқа 4 партиядан үміткер бар. Ал, аудан, қалаларда әр түрлі. Бір жерде 3 партия қатысады. Мәселен, «Ауыл» партиясының өкілдері ауданда болса, қалада жоқ. Адал партиясы да бір аймақта бар болса, бір ауданда жоқ.

  

Фото Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему