Мемлекеттік тілді білу – менің азаматтық борышым
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 18:02
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мемлекеттік тілді білу – менің азаматтық борышым

3 Сентября 2020 (10:03) | 2596 | Автор: Нурганым Имашева

Сонау қиын кездерде қазақ елі қаншама өзге ұлт өкілдерін бауырына тартты. Сол ұлыс пен ұлттардың ұрпақтарының қазақ еліне деген ыстық ықыласы мен құрметі шексіз.

 

 

Маңғыстау облысының ішкі істер органдарында мемлекеттік тілді жетік меңгерген көптеген өзге ұлт өкілдері қызмет етеді. Бұл түрі басқа болса да тілегі бір отандастарымыздың қазақ тіліне деген құрметі. Сондай-ақ, олардың халқымыздың салт-дәстүріне деген ықыласы да ерекше.

 

Ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың туған күніне орай, 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі қарсаңында Маңғыстау облысы Полиция департаментінде қылмысқа қарсы күреспен қатар, қазақ тілін өркендету жолында абыройлы еңбек етіп жүрген полиция қызметкері туралы айтатын боламыз.

 

 

Гасанов Рамиль Мохтарам оглы Әзербайжан Республикасында 1991 жылдың 30 маусымында дүниеге келген. Осы жылдың қазан айында Гасановтар жанұясы Қазақстанның Ақтау қаласына қоныс аударады. 2009 жылы Ақтау қаласындағы қазақша-орысша білім беретін №16 мектепті бітіргеннен, кейін заң колледжіне түсіп, қазақша тобын тәмамдайды. Онда Рамиль қазақ жастарымен араласып, достасады, бұл оның қазақ тілін тез меңгеруіне септігін тигізеді. 2011 жылы Ш.Есенов атындағы мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің заң бөліміне оқуға түсіп, оны 2014 жылы бітіріп шығады. 2015 жылы ішкі істер органдарындағы еңбек жолы басталады. Бастапқыда кәмелетке толмағандардың істері бойынша инспектор болып қызмет атқарады, кейіннен Жедел басқару орталығына ауысады. Бүгінгі күнге дейін полиция капитаны Р.Гасанов Ақтау қаласы ПБ Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы лауазымында қызмет атқаруда. Инспектордың қызметі бейнекамера арқылы күнделікті облыс көлемінде орын алатын әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтайды, жол қозғалысының бұзушылықтарының жолын кеседі. Өз қызметтік міндетін адал атқаратын полиция қызметкері күнделікті таңертеңгі жиында мемлекеттік тілде ақпар береді. Рамиль – мемлекеттік тілді меңгерсе де, қазақ тілі курсына қатысып, білімін жетілдіре түсті. Департамент аясында, қалалық Полиция басқармасында күнделікті жиналыстар мен шаралардың тек мемлекеттік тілде жүргізілетіндігі полиция қызметкеріне қиындық әкелмейді. Жұмыс уақытының өте тығыз-дығына қарамастан Рамиль Департамент аясында өтетін мәдени іс-шараларға белсене қатысады. Ұлы Абай ақынның өлеңдерін оқығанды ұнатады. 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесінде бейнеролик дайындауға қатысып, достық тақырыбында өлеңдер оқып, шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.

 

Тәртіп сақшысы Р.Гасанов туралы пікір білдірген, Ақтау қ. ПБ ЖБО бастығы Бидулла Әділжан Рамильдің өз қызметіне деген жауапылығын, құжаттарды мемлекеттік тілде сауатты орындайтынын айтып жеткізді.

 

-Қазақстанда тұратын барлық азаматтың Ата заңымызда көрсетілген мемлекеттік тілді бірдей меңгеруі керек деп есептеймін. Өзің тұрып жатқан еліңнің тілін үйреніп, салт-дәстүрін, тарихын білуге тиістісің. Бізге мемлекеттік тілді үйренуге мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған - дейді Рамиль.

 

Сонымен қатар, Гасановтар отбасы қазақтың салт-дәстүрлерін жақсы ұстанады. Анасы қазақтың ұлттық тағамдарын шебер дайындайды екен. Наурыз мейрамы - Гасановтар ерекше асыға күтетін мереке.

 

-Әрбір адамда тілді білуге деген ұмтылыс болу керек, қазақша әдебиетті көп оқу рухани дүниеңді байытады. Әсіресе, Ұлы Абайдың қара сөздерін оқу жаман әдеттерден алыс болуға үйретеді, - дейді тіл туралы ой-пікірімен бөліскен полиция қызметкері.

 

Қазақ тілінің өркендеуіне өз үлесін қосуды міндеті деп санайтын Рамилдей тіл жанашырлары барда оның мәртебесі арта түсері сөзсіз.

 

-Біз алдағы уақытта Рамильдің тынымсыз еңбегінің нәтижесін көре береріне сенімдіміз! – дейді тіл жанашыры –полиция қызметкері туралы біздің басылымға хабарлаған Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Сурет баспасөз қызметінен

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему