2020 жылы Маңғыстауда 250 келіден астам есірткі тәркіленді
6 Января 2021 (11:34) | 1742 | Автор: Редакция
2020 жылдың 12 айында Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының күшімен 612 есірткі құқық бұзушылығы, оның ішінде 85 есірткі қылмысы анықталды.
Заңсыз айналымнан 250 килограмнан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде "героин" - 150 грамм, "марихуана" - 253 кг 571, 2 грамм, "гашиш" - 303 грамм, "опий" - 93,5 грамм, "синтетикалық есірткі" – 567,3 грамм.
Алдын алу бағыттары бойынша 32 іс-шара өткізілді. Бұл 4 акция, 4 семинар, 9 дәріс, 14 кездесу және 1 ата-аналар жиналысы, есірткіге қарсы сипаттағы бейнероликтер көрсету, буклеттер тарату және мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары.
Жазда Маңғыстау облысының аумағында қашықтықтан "Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне" арналған кең ауқымды акция өткізілді .
Акцияның мақсаты - облыстың білім беру ұйымдарының жастары мен оқушылары арасында есірткіні пайдаланудан бас тартуды, спортпен шұғылдануды және салауатты өмір салтын жүргізуді насихаттау.
Covid-19 пандемиясына және вируспен күресте қабылданған карантиндік шараларға байланысты өткен жылы акция барысында есірткіге қарсы әзірленген әлеуметтік бейнероликті көрсетілді, Ақтау қаласының орталық жолының бойында акцияның логотипі бар екі баннер орнатылды, сондай-ақ Ақтау қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін "Біз өмірді таңдаймыз! Біз есірткіге қарсымыз!" ұранмен футболкалар мен бейсболкалар таратылды.
ҚР ІІМ министрінің нұсқауы бойынша Ақтау қаласында ашық ауада еріктілер мен жастар орталықтары белсенділерінің қатысуымен "Есірткіге жол жоқ!» ауқымды шара өтті.
Есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ вирустық инфекцияның таралуына қарсы күресте қабылданған шектеулер мен карантиндік шараларды сақтау (маскаларды міндетті түрде кию және әлеуметтік қашықтық қағидаларын сақтау) мақсатында акция шеңберінде азаматтарға "Есірткіге жол жоқ!" есірткінің зияны туралы ақпаратты түсіндірумен 1500-ден астам көп қолданылатын бетперделер таратылды.
2020 жылдың 13 қарашасында Ақтау қаласында еріктілер мен жастар орталықтары белсенділерінің қатысуымен "Стоп граффити. Есірткіге жоқ деңіз!» ауқымды акция ұйымдастырылды.
Ақтау қаласы бойынша акция шеңберінде есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында азаматтарға және жастарға есірткінің зияны туралы ақпаратты түсіндіре отырып, есірткі құралдарын жарнамалау және сату жөніндегі Telegram-мекенжайларға сілтемелері бар 20-дан астам граффити жазулар жойылды және қылмыстық ортаға Интернет және әлеуметтік желілер арқылы тарту туралы түсіндірілді.
"Ақтау қаласының қоғамдық орындарында 75 граффити жазу анықталып, жойылды, сондай-ақ есірткі құралдары мен олардың аналогтарын жарнамамен және сатумен айналысатын 85 интернет — сайт анықталды, олар ҚР ІІМ ЖПН-де бұғаттауға жолданды", - деп атап өтті аймақ полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаев.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему