Ақтаудағы балабақшалар Алима есімді бүлдіршіннің еміне қаржы жинауға көмектесті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 19:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаудағы балабақшалар Алима есімді бүлдіршіннің еміне қаржы жинауға көмектесті

23 Мая 2018 (22:47) | 2931 | Автор: Нурганым Имашева

Қасиетті Рамазан айында Ақтаудағы №26 «Қарлығаш» бөбекжайында «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» атты жәрмеңке өтті. Халықтан түскен  549 220 теңге Астананың кішкене тұрғыныАлима Көпей есімді бір жас бес айлық қызға көмек ретінде берілді. Қазір ол Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында химиотерапия курсынан өтуде.

 

 

Дәрігерлер бүлдіршін қызға қатерлі ісік дертіне шалдықты деген диагноз қойып отыр және толықтай сауығып кетуіне кепілдік бермеген. Соған қарамастан Алиманың ата-анасы үміт үзбейді және АҚШ, Германия, Испания сияқты елдерге баруға ниетті. Алайда, емге жұмсалатын қаржы жүз мың еуродан басталады. Мұндай қомақты қаражатты жинау үшін еліміздің барлық аймақтары қол ұшын созуда. Бұл сауапты істен Ақтаудағы балабақшалар да тыс қалмады.

 

Ақтау қаласы № 26 «Қарлығаш» бөбекжайының директоры Гүлнар Шынғалиеваның айтуынша, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қалалық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, сондай-ақ Астана қаласының 20 жылдығы және Ақтау қаласының 55 жылдығына орай қайырымдылық жәрмеңкесі өткізіліп отыр. Оған шаһардағы барлық мемлекеттік балабақшалар қатысты.

 

-Қазақ әуелден жетімін жылатпаған халық екендігі белгілі. Арамызда жаны жомарт жандар аз емес, қалтасы қалың азаматтар қол ұшын созып жатқандығы қуантады.

 

 

Сатылымға шығарылған тәттілер, киім-кешектер,әшекей бұйымдарды сатып алуға ата-аналар, балабақша тәрбиешілері мен қала тұрғындары белсенділік танытты.

 

Барынша қаржы жинауға көмектерін аямады және кішкентай Алима қызымыздың сауығып кетуіне шын тілектерін жеткізді. Сондай-ақ, бұл шараға «Жанель» жекеменшік бөбекжайы да белсенді қатысып, жәрмеңке ұйымдастырды», -деді Гүлнар Шынғалиева.

 

Айта кету керек, сатылымға шығарылған өнімдерінің дені балабақша тәрбиеленушілерінің қолымен жасалған, атап айтқанда түрлі тоқыма бұйымдары, шашқа тағатынсәнді түйреуіштер,моншақ, бантик, шұлықтар болды.

 

Сонымен қатар, жасы үлкендер өздерінің қаражатына кондитердік өнімдер (торт, бисквит, бәліш, құймақ), киім-кешектер, кәдесыйлар, ойыншықтарды сатылымға шығарды. Қайырымдылық шараның нәтижесінде 550000 теңгегежуық қаражат көмекке мұқтаж отбасының шотына аударылды.

 

Шара аясында бүлдіршіндер ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, жәрмеңкеге белсенді қатысқан балабақша ұжымдарына Ақтау қалалық білім бөлімінің атынан «Алғыс хаттар» табысталды. 

 

Дайындаған Кәмшат Ізбасарова ҚР Журналистер Одағының мүшесі

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему